Accessibility links

Қырғызстанда оппозицияшыл белсенді ұсталды


Қырғызстандық оппозицияшыл белсенді Дастан Сарығұлов.
Қырғызстандық оппозицияшыл белсенді Дастан Сарығұлов.

Қырғызстанда бұрынғы депутат, қазір оппозиция белсендісі Дастан Сарығұлов ұсталды. Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, ол Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің (МҰҚК) уақытша ұстау изоляторына қамалған.

МҰҚК ақпаратына қарағанда, Сарығұлов билікті басып алуға дайындалу айыбы бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу аясында жаңа мәліметтер пайда болуына байланысты ұсталған. Бұған дейін бұл іс бойынша оппозицияшыл саясаткерлер Бектұр Асанов, Кубанычбек Қадыров және Эрнест Карыбеков қамалған.

Дастан Сарығұловқа сонымен қатар коррупцияға қатысты да айып тағылуы мүмкін. МҰҚК тергеу басқармасы "Құмтөр" алтын кеніші жобасына қатысты қылмыстық іс аясында "Камеко", "Құмтөр Оперейтинг", "Құмтөр голд", Центерра Голд" компанияларының бұрынғы президенті Леонард Хоменюктің шағымын да қарап жатыр. Хоменюк шағымында "Қырғызалтын" компаниясының бұрынғы президенті, 1992-1999 жылдары Қырғызстан жағынан "Құмтөр" жобасын іске асыруды үйлестірген Дастан Сарығұловтың ісіндегі коррупция фактілері туралы куәлік бермек.

XS
SM
MD
LG