Accessibility links

Ұлыбританияда әйел депутат шабуылдан көз жұмды


Ұлыбритания депутаты Джо Кокс.
Ұлыбритания депутаты Джо Кокс.

Ұлыбританияның лейбористік партиясының әйел депутаты Джо Коксға шабуыл жасалып, қайтыс болды. 41 жастағы Коксқа шабуыл Лондонның солтүстігіндегі Лидс қаласында жасалды. Шабуылдан 77 жастағы ер адам да зардап шекті. Полицияның мәліметінше, 52 жастағы ер адам шабуылға күдікті деп ұсталған.

BBC-ге оқиға болған жерге жақын орналасқан кафе иесінің хабарлауынша, шабуыл жасаған адам депутаттың басынан атып, сосын бірнеше рет пышақтаған.

Ұлыбританияда бір аптадан кейін елдің Еуропа Одағынан (ЕО) шығуы мәселесіне қатысты референдум өтуі тиіс. Ұлыбританияның ЕО құрамында қалуын қолдайтындар мен оған қарсылар шабуылға байланысты үгіт--насихат кампаниясын тоқтатты.

XS
SM
MD
LG