Accessibility links

Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасы іріктеуінің жеребесі тартылды


"Астана" футбол командасы. (Көрнекі сурет)

"Астана" футбол командасы. (Көрнекі сурет)

Швейцарияның Ньон қаласында УЕФА Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасы іріктеу кезеңінің жеребесі тартылып, Қазақстан командалары қарсыластарын білді.

Қазақстанның былтырғы чемпионы, іріктеуді екінші кезеңінен бастайтын "Астана" Литваның "Жальгирис" командасымен кездеседі. Алғашқы матч 12/13 шілдеде Вильнюсте, қарымта ойын 19/20 шілдеде Астанада өтеді.

Еуропа лигасының іріктеуіне қатысатын алматылық "Қайрат" алғашқы кезеңде албаниялық "Теута" клубымен ойнайды.

"Ақтөбе" венгриялық "МТК Будапешт" клубымен кездеседі.

Ал "Ордабасы" сербиялық "Чукарички" клубымен екінші кезең жолдамасын сарапқа салады.

Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінің алғашқы матчы 30 маусымда, қарымта ойын 7 шілдеде өтеді.

Былтыр "Астана" командасы іріктеуден өтіп, Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнаған. Ал "Қайрат" Еуропа лигасы іріктеуінің плей-офф кезеңіне дейін жеткен.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG