Accessibility links

Ұлыбритания қаржы министрі: Барлық қиын жағдайға дайын болдық


Ұлыбритания қаржы министрі Джордж Осборн.

Ұлыбритания қаржы министрі Джордж Осборн.

Ұлыбритания қаржы министрі Джордж Осборн Ұлыбритания Еуропа Одағынан шығуға дауыс берген соң туындайтын күтпеген қиын жағдайларға дайын болғанын мәлімдеді.

Осборн 27 маусымда референдум нәтижесі жарияланған 24 маусымнан бері Англия Орталық банкі басшысы Марк Карнимен ұдайы байланыс ұстап, алдын ала ойламаған жағдайларға дайын болу жоспары жасалғанын айтты.

Ол сонымен қатар Еуропа елдері қаржы министрлерімен, орталық банк басшылары, Халықаралық валюта қорының директоры, АҚШ қаржы министрімен және Ұлыбританияның жетекші қаржы институттары басшыларымен байланыста болғанын да айтты.

"Біз күтпеген қандай жағдайға болсын дайын болдық" деді Осборн.

27 маусымда Азиядағы қор нарықтарында фунт-стерлинг Ұлыбританияның ЕО-дан шығуының ықтимал салдарына байланысты тағы да құлдырай түскен.

Ұлыбританияда 23 маусымда референдум өтіп, сайлаушылардың 52 пайызға жуығы елдің ЕО құрамынан шығуын қолдап дауыс берген. Елде Ұлыбританияны ЕО-дан қалай шығарып алу мәселесіне қатысты саясаткерлер арасында дау туындай бастады.

XS
SM
MD
LG