Accessibility links

Шотландия министрі Брюссельмен ЕО құрамында қалуды талқылайды


Шотландия бірінші министрі Никола Старджен.
Шотландия бірінші министрі Никола Старджен.

Шотландия бірінші министрі Никола Старджен бүгін Брюссельге Шотландияның Еуропа Одағы құрамында қалу мүмкіндігін талқылауға барады.

28 маусымда Шотландия парламентінде сөйлеген Старджен Брюссельде Еуропа парламентінің президенті Мартин Шульцпен кездесіп, Шотландияның ұстанымын Еуропа комиссиясына тіке білдіретінін мәлімдеген. Старджен шотландиялықтар Еуропа Одағы құрамынан шығуды қаламайтынын айтқан.

"Шотландиялықтар Еуропа Одағы құрамында қалуға айқын дауыс берді және мен Шотландия халқының даусына құлақ асады деп ойлаймын" деді Старджен. Ол Шотландияның Еуропа Одағында қалуын батыл түрде қорғайтынын білдірді.

Ұлыбританияда 23 маусымда өткен референдумда халықтың 52 пайызға жуығы елдің Еуропа Одағынан шығуын қолдап дауыс берген. Біріккен корольдік құрамына кіретін Шотландия мен Солтүстік Ирландия тұрғындарының көбі одақ құрамында қалуын қолдаған.

XS
SM
MD
LG