Accessibility links

Қырғызстанның сыртқы қарызы 4 млрд долларға жуықтаған


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қырғызстанның мемлекеттік қарызы 3 миллиард 945 миллион долларды құраған. Бұл туралы Қырғызстан қаржы министрлігі мәлімдеді.

Қырғызстан Қытай экспорт-импорттық банкіне 1 миллиард 394,7 миллион, Халықаралық даму ассоциациясына 642 миллион, Азия даму банкіне 583 миллион доллар қарыз.

Ал елдің ішкі қарыз мөлшері 246,6 миллион долларды құрайды.

Бұған дейін Қазақстанның Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Қазақстанның сыртқы және мемлекеттік кепілдендірілген қарызы 2015 жылдың соңындағы көрсеткіш бойынша 12,8 миллиард долларды құрағанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG