Accessibility links

Сағынтаев: Ұлттық қор қаржысын игеру көрсеткіші төмен


Бақытжан Сағынтаев, Қазақстан премьер-министрінің орынбасары.

Бақытжан Сағынтаев, Қазақстан премьер-министрінің орынбасары.

Қазақстанда Ұлттық қордан бөлінген қаржыны толық және тиімді түрде игеру мақсатында "артта қалған аймақтардың" бюджет қаржысын қарқынды іске асырылып жатқан жобаларға қайта бөлу жоспарланып отыр. Қазақстан премьер-министрі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жыл басынан бері Ұлттық қордан бюджетті тікелей қаржыландыруға бөлінген мақсатты трансферттер 807,5 миллиард теңге (2,3 миллиард доллардан астам) болған. 1 шілдеге дейін жылдық жоспармен алғанда оның 37 пайызы немесе 297 миллиард теңгесі (876 миллион доллардан астам) игерілген.

Астанада бүгін Ұлттық қор қаржысын игеру мәселесі бойынша селекторлық жиында сөйлеген премьер-министрдің орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, 2016 жылдың алғашқы жартысында Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласында игерілмеген Ұлттық қор қаржысы басқаларынан көп.

Сағынтаев жиында республикалық бюджеттің бағдарламалардың жетекшілері мен әкімдіктерге қаржыландыруға қатысты ақшаны төртінші тоқсаннан үшінші тоқсанға барынша көп бөлу шараларын жасауға және конкурстық процедураларды 1 қыркүйекке дейін аяқтауды тапсырды.

XS
SM
MD
LG