Accessibility links

Әлімханұлы олимпиаданың 1/4 финалына шықты


Жәнібек Әлімханұлының (оң жақта) Риодағы алғашқы жекпе-жегіне шыққан кезі. Көрнекі сурет

Жәнібек Әлімханұлының (оң жақта) Риодағы алғашқы жекпе-жегіне шыққан кезі. Көрнекі сурет

75 килограмм салмақта 2013 жылғы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Рио олимпиадасының ширек финалына шықты. Ол үшінші айналымда алжирлік Илияс Аббадиді айқын басымдықпен жеңді. Әлімханұлы ширек финалда әзербайжандық Камран Шахсуварлымен кездеседі.

Риоға Қазақстан 10 боксшы апарған. Оның үшеуі - Біржан Жақыпов, Абылайхан Жүсіпов пен Берік Әбдірахманов ширек финалға жетпей жеңіліп қалды. Ал 91 килограмда Василий Левит жартылай финалға шықты.

Қайрат Ералиев, Данияр Елеусінов, Әділбек Ниязымбетов екінші айналымға өткен.

Олжас Сәттібаев пен Иван Дычко алғашқы кездесулерін 13 тамызда өткізеді.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG