Accessibility links

Астанада жер комиссиясының кезекті отырысы өтіп жатыр


Жер комиссиясының отырысы. Астана, 14 мамыр 2016 жыл.

Жер комиссиясының отырысы. Астана, 14 мамыр 2016 жыл.

Астанада жер мәселесі бойынша үкімет жанынан құрылған комиссияның кезекті отырысы өтіп жатыр. Ұлттық мұражайда жұмысын жалғастырған отырысқа жер комиссиясының төрағасы – Қазақстан вице-премьері әрі ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов төрағалық етіп отыр.

Азаттық комиссия жұмысынан тікелей трансляция жүрігізіп жатыр.

Мырзахметов бұған дейін аймақтарда өткен кездесулерде азаматтардан түскен ұсыныстарды ескере келіп, солардың негізінде қабылданған мораторий мерзімін 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін созу жөнінде парламентке ұсыныс енгізу мәселесін көтерді. Оны қолдап сөйлеген комиссия мүшелерінің басым көпшілігі осы комиссияны құрғаны үшін ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдіріп, «комиссия жұмысын аяқтап, оны тарату қажет» деген пікір білдірді.

Алайда комиссия мүшесі қоғам қайраткері Зәуреш Батталова комиссия жер мәселесін түпкілікті шешпейінше жұмыс істеуі тиіс деп санайтынын айтты.

«Комиссия әу баста айтылғандай Қазақстанның барлық өңіріне барған жоқ, тіпті тең жартысына да бармады. Оның жұмысына тілек білдіргендердің барлығы қатыса алмады» деді ол.

Сонымен бірге Батталова жер туралы мәселені алғаш көтеріп, осы комиссияның құрылуына да әсер еткен атыраулық белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аянды дереу қамаудан босатуға шақырды.

Осы уақытқа дейін жер комиссиясының Астанада 4 отырыс және аймақтарды 4 отырысы өткен.

Сәуірдің 24-і күні Атырау қаласында «жер мәселесіне» қатысты өткен алғашқы ірі шеруден кейін Қазақстанның өзге де бірнеше қаласында көпшіліктің қатысуымен наразылық акциялары өтті. Осы шерулерден соң, мамырдың 5-і күні Қазақстан президенті жер кодексіндегі шетелдіктерге ауыл шаруашылығы жерін жалға беру мерзімін 10 жылдан 25 жылға дейін ұзарту және құрамында шетелдіктер бар серіктестіктерге сату туралы даулы баптарға жыл соңына дейін мораторий жариялап, үкімет жанынан жер реформасын қоғаммен талқылайтын комиссия құрылған еді.

"Жер комиссиясы" жиынынан Азаттықтың тікелей трансляциясы:

XS
SM
MD
LG