Accessibility links

Түркияның шығысында бомба жарылып, 3 адам опат болды


Түркияның полиция жасағы (Көрнекі сурет).
Түркияның полиция жасағы (Көрнекі сурет).

Түркияның шығысындағы Ван қаласында көлікке жасырылған бомба жарылып, үш адам қаза тапты. Жарылыстан 40-қа тарта адам жараланған. Ресми билік жергілікті полиция бекеті алдында болған жарылысты тыйым салынған Күрдістан жұмысшы партиясынан көреді.

Ван қаласы губернаторының орынбасары Мехмет Парлак журналистерге полиция бекетінің алдына көлікті қойып кеткен "содыр" ұсталып, тергеліп жатқанын айтты.

2015 жылы Күрдістан жұмысшы партиясымен жасалған бейбіт келісім үзілген соң Түркия қауіпсіздік күштеріне шабуыл жиілегенімен, Ван қаласы жалпы алғанда тыныш болатын. Қауіпсіздік күштеріне шабуыл негізінен көршілес Диярбакыр қаласында жиі болады. Мұнда 15 тамызда көлік жарылып, сегіз адам қаза тапқан.

Күрдістан жұмысшы партиясы 1984 жылы тәуелсіздік алу жолында қарулы күрес бастайтынын жариялап, содан бері қақтығыстардан 40 мыңға тарта адам құрбан болды.

XS
SM
MD
LG