Accessibility links

Тәжік спортшысы Дилшод Назаров Рио олимпиадасының чемпионы атанды


Тәжікстандық спортшы Дилшод Назаров.
Тәжікстандық спортшы Дилшод Назаров.

Тәжікстандық спортшы Дилшод Назаров Рио олимпиадасында шартемір лақтырудан 78,68 метр көрсеткішпен алтын медальді жеңіп алды.

Күміс жүлдені белорус Иван Тихон (77,79 метр), қоланы – Польша өкілі Войцех Новицки (77,73 метр) иеленді.

34 жастағы Дилшод Назаров - 2015 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азияның үш мәрте чемпионы.

Бұған дейін, 1992 жылы Барселонада өткен олимпиада ойындарына бұрынғы СССР елдері спортшыларының біріккен командасы құрамында қатысқан тәжікстандық спортшы Андрей Абдувалиев шартемір лақтырудан олимпиада чемпионы атанған еді. Содан бері тәжікстандық спортшылар олимпиада ойындарында алтын алған емес.

XS
SM
MD
LG