Accessibility links

Джон Керри мен Сергей Лавров Сирия жөнінде келіссөздер жүргізді


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри (сол жақта) мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Женева, 26 тамыз 2016 жыл.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри (сол жақта) мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Женева, 26 тамыз 2016 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Женевада екі елдің Сирия бойынша әскери және гуманитарлық қарым-қатынасы жөнінде келіссөздер жүргізді. Келіссөздерден кейін екі елдің позицияларындағы өзгерістер жөнінде хабарланған жоқ. Тек Керри біршама мәселелер "анықталғанын" айтты.

25 тамыз күні БҰҰ ресми өкілі Алеппо (Сириядағы соғыс болып жатқан қала - ред.) маңайында уақытша бітім жасау жөніндегі келіссөздерге Ресейдің қосылатынын хабарлаған. Алайда Лавров Ресейдің бітім орнатуды қолдайтынын, гуманитарлық көмек жеткізетін дәліз ашу қажет екенін мәлімдеумен шектелді.

Лавров пен Керри кейінгі апталарда ушыға бастаған Украинаның шығысындағы жағдайды да талқылайды деген болжам болған. Алайда бұл мәселенің талқыланғаны туралы хабар тарамады.

XS
SM
MD
LG