Accessibility links

Өрттен қаза тапқан адамдар мәйітін Мәскеуден Бішкекке ұшақпен жеткізбек


Мәскеудегі өрт болған жері.

Мәскеудегі өрт болған жері.

Қырғызстан үкіметі Мәскеуде өрттен қаза тапқан азаматтардың туған-туыстарына көмек көрсететін штаб құрылатынын 28 тамыз күні хабарлады. Штабты премьер-министр орынбасары Гүлмира Құдайбердиева басқарады. Мәйіттерді Қырғызстанға жеткізетін арнайы ұшақ бөлінген.

Жұмыс тобы бүгін Мәскеуге ұшпақ. Топқа Қырғызстан ТЖ министрі Қубатбек Боронов, денсаулық сақтау министрлігі өкілдері, миграция қызметкерлері, дәрігерлер мен психологтар кірген.

Үкімет мәйіттерді жеткізу және жерлеу шығындарын көтеріп алатын болды.

Қырғызстан сыртқы істер министрі Ерлан Абдылдаев мәйіттерді тану жұмыстары аяқталғанын мәлімдеді. Осы елдің ішкі істер министрі Қашқар Жүнүшәлиевтің дерегіне қарағанда, 14 адам қаза тауып, үш адам зардап шеккен.

XS
SM
MD
LG