Accessibility links

Назарбаев Атамбаевқа өрт құрбандарына қатысты көңіл айтты


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевқа Мәскеудегі өртте қырғыз азаматтарының қаза табуына байланысты көңіл айтты.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, көңіл айту телеграммасында Назарбаевтың "Мәскеудегі баспада шыққан өрт пен Бішкек-Ош жолында жол апатынан қырғыз азаматтарының құрбан болғаны туралы хабарды қайғыра қабылдағаны" айтылады. Назарбаев қазақстандықтар мен өз атынан марқұмдардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеген.

27 тамызда Мәскеуде баспа қоймасы өртеніп, 17 адам қаза тапты, оның 14-і - Қырғызстан азаматтары. Дәл осы күні Бішкек-Ош жолында жол апатынан 9 қырғыз азаматы қаза тапты. Қырғызстанда бүгін осы екі оқиғаның құрбандарын аза тұту күні болып жарияланған.

XS
SM
MD
LG