Accessibility links

Алматы полициясы банкке шабуылдаған күдіктіні іздестіріп жатыр


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Алматыда жұма күні белгісіз біреу Төле би және Әуезов көшелерінің қиылысында орналасқан Kaspi bank бөлімшесіне қарулы шабуыл жасаған деп хабарлады Tengrinews.kz сайты банк өкілдеріне сілтеме жасап.

«2 қыркүйекте қаруы бар ер адам Алматыдағы Kaspi Bank бөлімшесіне баса-көктеп кіріп, тонамақшы болды. Қылмыскер қарудан оқ атты, бірақ ешкім зардап шеккен жоқ. Банк қызметкерлері дереу дабыл белгісін беріп, құқық қорғау органдарына болған жайт туралы хабарлап үлгерді» деген банк өкілдері.

Қазір Алматы полициясы күдіктіні іздестіріп жатқаны хабарланды.

XS
SM
MD
LG