Accessibility links

“Аум Синрикё” Ресейде террорлық ұйым деп жарияланды


“Аум Синрикё” ұйымының лидері Сёко Асахара.

“Аум Синрикё” ұйымының лидері Сёко Асахара.

Ресейдің Жоғарғы соты жапониялық “Аум Синрикё” тобын террорлық ұйым деп жариялады.

“Аум Синрикё” ұйымын Сёко Асахара 1984 жылы құрған. Ұйым мүшелері 1995 жылы Токио метросында зарин улы газымен шабуыл жасаған. Осыдан кейін бұл ұйым әлемнің көптеген елдерінде террорлық ұйым деп жарияланған.

Ал Асахара мен оның 12 жақтастары өлім жазасына кесілген. 1990 жылдардың басында Асахара Мәскеуге келіп, билік өкілдерімен кездесу өткізген. Метродағы шабуылға дейін Асахара құрған ұйым Ресейде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп келген.

Асахара 1996 жылы өлім жазасына кесілгенімен үкім әлі орындалмады. Ол Жапонияда түрмеде отыр.

XS
SM
MD
LG