Accessibility links

Финляндия Ресей әскери ұшағы әуе кеңістігімізді бұзды деп күдіктенеді


Су-27 жойғыш ұшағы (Көрнекі сурет).
Су-27 жойғыш ұшағы (Көрнекі сурет).

Финляндия қорғаныс министрлігі 6 қазанда Ресей әскери ұшағы фин әуе кеңістігін бұзды деп күдіктенетінін мәлімдеді. Балтық теңізі үстінен ұшқан Су-27 жойғыш ұшағын тану үшін әуеге Финляндия әскери-әуе күштерінің екі ұшағы көтерілген. Министрлік әуе кеңістігін бұзу екі минутқа созылып, жойғыш ұшақ 13 километр, оның ішінде бір километр елдің әуе шекарасында ұшқан болуы мүмкін дейді.

Ресей қорғаныс министрлігі бұл айыпты жоққа шығарып, ұшақ "Фин шығанағындағы бейтарап аймақта жоспарлы жаттығу аясында ұшқанын" мәлімдеді. Министрлік жойғыш ұшақ "барлық маневрді халықаралық ережелерге сай жасады" дейді.

Финляндия билігі шекара қызметі оқиғаны тексеріп жатқанын айтады.

Ресей Украинадан Қырым түбегін заңсыз аннексиялап алғаннан бері Финляндия Ресей ұшақтарын елдің әуе кеңістігін бұзды деп бірнеше рет айыптаған.

XS
SM
MD
LG