Accessibility links

Ирак: Киркук қаласына содырлар шабуыл жасады


Ирак пен оның Киркук қаласы белгіленген карта (Көрнекі сурет).
Ирак пен оның Киркук қаласы белгіленген карта (Көрнекі сурет).

Өздерін "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымының мүшелері деп танытқан, автоматпен және жарылғыш заттармен қаруланған содырлар Ирактың солтүстігіндегі Киркук қаласына шабуылдады. Кейбір ақпарға қарағанда, шабуылдардан қауіпсіздік күштерінің алты қызметкері мен электр станциясының екі қызметкері қаза тапқан. Қауіпсіздік күштері сонымен қатар сегіз содырдың көзі жойылғанын айтады.

Қауіпсіздік күштерінің өкілдері 21 қазанда денелеріне жарылғыш заттарын байлаған жанкештілер Киркуктегі полиция бөлімдері мен бақылау-тексеру бекеттеріне, қала сыртындағы Иран компаниясы салып жатқан электр станцияға шабуылдағанын айтады.

Шабуыл Ирак үкіметінің әскері мен күрд жасақтары Киркуктің солтүстік-шығысындағы Мосул қаласын ИМ жасақтарынан азат ету операциясын жүргізіп жатқан тұста жасалып отыр.

Киркук губернаторы Нажмадин Карим содырлар ешқандай үкімет ғимаратын басып ала алмағанын айтады.

Киркук - Бағдадтан солтүстікке қарай 290 километр, Мосулдан соңтүстік-шығысқа қарай орналасқан мұнай бай қала.

XS
SM
MD
LG