Accessibility links

Қырғызстан мен Қазақстан заңсыз миграциямен күресу келісімін жасады


Қазақстан мен Қырғызстан тулары.
Қазақстан мен Қырғызстан тулары.

Қырғызстан мен Қазақстан заңсыз миграциямен күрес жөнінде үкіметаралық келісімге қол қойды. Құжатқа Қырғызстан ішкі істер министрінің орынбасары Курсан Асанов пен Қазақстан ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов қол қойған деп хабарлады Қазақпарат.

Тараптар жасалған келісім өзара ынтымақтастықтың құқықтық негізін қалауға, сонымен бірге заңсыз миграцияға қарсы күресуге мүмкіндік туғызып, екі елдің аумағында заңсыз жүрген адамдарды ұстау және депортациялауды жеңілдетуге септеседі деп сенеді.

XS
SM
MD
LG