Accessibility links

Нижний Новгородта екі адамды "терроризм" күдігімен атып өлтірді


Нижний Новгородтағы полицияның екі күдіктіні атып өлтірген орын. Ресей, 23 қазан 2016 жыл.
Нижний Новгородтағы полицияның екі күдіктіні атып өлтірген орын. Ресей, 23 қазан 2016 жыл.

Ресейдің Нижний Новгород қаласында полициямен атыста "жарылғыш заттарды тасымалдады" деген күдікті екі адамның көзі жойылды. Ресейлік ақпарат құралдарының хабарлауынша, полиция қызметкерлері күдікті көлікті тоқтатпақ болғанда ондағы адамдар оқ атқан. Үшінші адам тұтқындалған.

ТАСС агенттігіне полициядағы дереккөзі: "Орган қызметкерлері көлікті тоқтатты, екі күдікті қарсылық танытып, оқиға орнында көзі жойылды. Көліктен жарылғыш заттар табылды" деген. РИА "Новости" агенттігінің хабарлауынша, полиция қаладағы тұрғын үйлердің бірінде күдіктілерді іздеп, арнайы операция жүргізген. Тінту кезінде табылған бомбаны арнайы роботтың көмегімен жарып, соның салдарынан екі полиция қызметкері жараланған.

ТАСС агенттігіне дереккөзі мерт болғандар "заңсыз қарулы топтың мүшелері" екенін хабарлаған. Ресейде әдетте Солтүстік Кавказда әрекет ететін исламшыл содырларды осылай атайды.

XS
SM
MD
LG