Accessibility links

АҚШ Ресей думасындағы қырымдық 6 депутатқа санкция салды


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

АҚШ билігі таяуда Ресей парламентіне депутат болып сайланған Қырымның алты азаматына санкция салды.

Дмитрий Белик, Андрей Козенко, Константин Бахарев, Светлана Савченко, Руслан Балбек пен Павел Шперов 18 қыркүйекте Қырым түбегі мен оның Севастополь портынан мемлекеттік думаға депутат болып сайланған.

АҚШ қаржы министрлігі Қырымдағы сайлауды заңсыз деп санайды. Бұған дейін бұл алты депутатты Еуропа Одағы (ЕО) санкция тізіміне қосқан. АҚШ билігінің мәлімдеуінше, олар "Украинаның территориялық тұтастығына, егемендігіне, тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне қатер төндіретін" саясатты жүргізуге септескен. АҚШ қаржы министрлігінің өкілі Джон Смит тізімді кеңейту - "Ресейге Украинаның егемендігі мен қауіпсіздігін құрметтемейінше қысым көрсете беру" шараларының бір бөлігі екенін айтады.

"Ведомство Қырым аннексиясы мен Ресейдің Украинаны тұрақсыз ету әрекеттеріне қатыстыларға санкция салуды жалғастыра береді" деді ол. Санкция бойынша АҚШ азаматтары мен америкалық компанияларға тізімге алынған адамдар және компаниялармен бизнес жүргізуге тыйым салынады. Сонымен қатар санкцияға ілінгендердің АҚШ-тағы активтері бұғауланады.

XS
SM
MD
LG