Accessibility links

Ресейдің Обнинск қаласында Трампты қолдайтын акцияға рұқсат берді


Ресейдің Обнинск қаласына кіреберісі (Көрнекі сурет).
Ресейдің Обнинск қаласына кіреберісі (Көрнекі сурет).

Ресейдің Обнинск қаласының билігі АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трампты қолдайтын демонстрация өткізуге рұқсат берді.

Қала әкімшілігіндегі аты-жөнін атамаған дереккөзі 18 қарашада акцияның 19 қарашада қаланың орталығында өтетінін және оған 40 шақты адам қатысатынын айтты. Акция мақсаты ресейліктердің "америка-ресей қарым-қатынасы жақсарады деген үмітін білдіру" деп жарияланды.

8 қарашада өткен президент сайлауында жеңіске жеткен Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинді құрметтейтінін мәлімдеген. Трамп терроризммен күресте Ресеймен ынтымақтасуға бірнеше рет шақырған.

XS
SM
MD
LG