Accessibility links

Алматы облысында балалар үйі өртенді


Алматы облысының аумақтық картасы.

Алматы облысының аумақтық картасы.

22 қарашаға қараған түні Бағанашыл шағын ауданында орналасқан Алматы облыстық балалар үйінде өрт шықты. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, өрт сөндіру кезінде ғимараттан 161 бала мен 12 қызметкер қауіпсіз аймаққа көшірілген. Өрт аумағы 180 квадрат метрді құраған.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, төрт бала зардап шегіп, ауруханаға түскен.

Облыстық білім басқармасының мәлімдеуінше, екі блоктың бірінде болған. Қазір балалар өрт шалмаған блокқа көшірілді. Құрылысшылар өрттен зардап шеккен ғимарат бөлігін қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Өрт себебі хабарланған жоқ.

XS
SM
MD
LG