Accessibility links

Британияда депутатты өлтірген ер адамға сот шешімі шықты


Джо Кокстың портреті.
Джо Кокстың портреті.

Ұлыбританияда бұрынғы депутат Джо Коксты өлтірген 53 жастағы Томас Майер өмір бойы бас бостандығынан айырылды. Лондон уақыты бойынша 23 қарашада өткен сотта судья оның уақытынан бұрын босап шығуға құқықы жоқ екенін айтқан.

Лондон орталық қылмыстық соты Майерге қатысты шешімді 90 минут талқылаған. Кейін сот оны антитеррорлық заңнама негізінде айыпты деп тапты. Судья сот процесі кезінде Майерге сөз беруден бас тартып, оның ісін "адамдыққа жат" деп бағалады.

Экстремистік көзқарастағы деп сипатталған Майер маусымда Ұлыбританияның Еуроодақтан шығу үшін өткізген референдумының алдында 41 жастағы Коксты үш рет атып, пышақтап кеткен. Екі баланың анасың Джо Кокс Ұлыбританияның Еуроодақта қалуын қолдап кампания ұйымдастырушылардың бірі болған.

XS
SM
MD
LG