Accessibility links

Мәжіліс волонтерлік қызмет туралы заң жобасын мақұлдады


Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік жеткізіп беріп жүрген еріктілер, Алматы облысы (Көрнекі сурет).

Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік жеткізіп беріп жүрген еріктілер, Алматы облысы (Көрнекі сурет).

Парламент мәжілісі бүгін "Волонтерлік қызмет туралы" заң жобасын мақұлдады. Заң жобасы "волонтерлік қызмет институтының құқықтық негізін" қалауды мақсат тұтады делінеді.

Заң жобасы "қоғамға пайдалы ерікті қызметті ақысыз түрде атқарумен байланысты туындайтын қоғамдық қатынасты" реттемек. Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің қорытындысы бойынша, заң жобасы волонтерлік қызметке қатысатындардың құқығы мен міндетін, мемлекеттік билік органдары мен жергілікті басқару органдарының өкілеттігін анықтайды. Волонтерлік қызметті ынталандыру шараларын қарастырады.

Комитет төрағасы Гүлнәр Ықсанованың сөзінше, заң жобасында "саяси партиялар мен діни бірлестіктерді" қолдау үшін волонтерлік қызмет жасала алмайтыны айқын көрсетілген. Құжат сонымен қатар, терроризм, экстремизм және сепаратизмді қолдайтын волонтерлік қызметке тыйым салады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG