Accessibility links

Өзбек президенті Мирзияев сәуірде Ресейге сапармен бармақ


Өзбекстан сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов (оң жақта) пен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.
Өзбекстан сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов (оң жақта) пен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.

Өзбекстан сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен телефон арқылы әңгімеде жақында Мәскеуге барғалы отырған Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің сапарына дайындықты талқылаған. Ресей сыртқы істер министрлігі таратқан ақпаратта екі елдің министрлері, Өзбекстан тарабының бастамасы бойынша, наурыздың 18-і күні телефонмен сөйлескені айтылған.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 2017 жылы сәуірде алғаш рет мемлекеттік сапармен барғалы отыр. Сапар барысында екі ел арасында қол қойылады деп жоспарланған құжаттардың арасында еңбек миграциясына қатысты, денсаулық сақтау саласы, аймақаралық ынтымақтастық, туризм және басқа бірқатар бағыттар бойынша үкіметаралық келісімдер бар.

Былтыр желтоқсанда Өзбекстан президентінің кезектен тыс сайлауында жеңіске жеткен Шавкат Мирзияев мемлекет басшысы ретінде алғашқы шетелдік сапарын 6-7 наурызда Түркіменстаннан бастаған. Мирзияев наурыздың 22-23 күндері Астанаға мемлекеттік сапармен келмекші.

XS
SM
MD
LG