Accessibility links

Мәскеу соты "Крокустағы" терактіге қатысы бар деп күдікке ілінген тағы бір адамды қамады


Мәскеудің Басман соты "Крокус сити холл" концерт залындағы терактіге қатысты іс бойынша 12 күдіктіні 22 мамырға дейін қамады. Бұл жөнінде РИА "Новости" хабарлады.

Соңғы қамалған күдіктінің аты-жөні - 21 жастағы Тәжікстан азаматы Джумохон Курбонов. Ол Мәскеуде хостелде тұрған.

Тергеу болжамынша, Курбонов теракт бойынша айыпталғандарды байланыс және ақшамен қамтамасыз етіп отырған. Оның "Крокустағы" терактіге қатысы жөнінде басқа ақпарат айтылмайды.

Курбонов 11 мамырда ұсталған. Әуелі ол "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша 15 тәулікке қамалған.

"Крокусқа" шабуыл 22 наурызда болған. Одан 140-тан астам адам қаза болып, 500-ден астам адам зардап шеккен деп айтылады. Терактіге қатысты ұсталғандардың барлығы-дерлік – Тәжікстан азаматтары. Ұсталғандарды тергеу кезінде күштік құрылымдар азаптаған болуы мүмкін.

"Ислам мемлекеті" террористік қарулы тобы өзінің шабуылға қатысы барын мәлімдеген. Терактіні соның ұйымдастырғанына АҚШ пен Батыс елдері де сенімді. Ресей жағы терактінің ар жағында Украина тұр деп тұжырымдайды. Киев айыптауларды жоққа шығарды.

XS
SM
MD
LG