Accessibility links

Германия ауған күштерін жаттықтырады


Берлин ауған қауіпсіздік күштерін жаттықтыруға міндетті. Бұл туралы Германия қорғаныс министрі Томас де Мезьер бүгін Ауғанстанға алғашқы сапары барысында мәлімдеді.

Сонымен қатар ол елдегі қауіпсіздікті ауған күштерінің бақылауына тапсыру үшін маңызды болатын неміс және ауған күштерінің әріптестігін нығайтуға шақырды. Германия қорғаныс министрі Кабулда ауған президенті Хамид Карзаймен және қорғаныс министрі Абдул Рахим Уардакпен кездесті.

Бұған қоса Де Мезьер халықаралық күштердің қолбасшысы АҚШ генералы Дэвид Петреуспен жүздеседі.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG