Accessibility links

Косово президенті өзінің заңсыз сайланғаны туралы сот шешіміне бағынатынын айтты


Косово президенті Беджет Паколли өзінің осы қызметке сайлануын заңсыз деп таныған Конституциялық соттың шешіміне бағынатынын мәлімдеді.

Дүйсенбіде қабылданған Конституциялық сот шешімінің толық мәтіні бүгін жариялануы тиіс. Әйткенмен Беджет Паколли президент қызметінен дереу кетуі керек пе, жоқ әлде оның кандидатурасы парламентте қайтадан дауысқа түсе ме - бұл жағы әзірге белгісіз қалып отыр.

Өзін өзі тәуелсіз республика деп жариялаған Косовода өткен айда парламент депутаттары Беджет Паколлиді ел президенті қызметіне сайлады. Бірақ Косово оппозициясы сайлау кезінде заң талаптары бұзылғанын мәлімдеп, сотқа шағым түсірген еді.
XS
SM
MD
LG