Accessibility links

Пәкістандық бала жанкештілік шабуыл үшін кешірім сұрады


Пәкістандық бала жанкештілік шабуылға қатысқаны үшін кешірім сұрады.

Сәуірдің 3-де сопылардың қасиетті жеріне жасалған шабуылдан 40-тан астам адам қаза болған еді. Әлгі баланың белдігіндегі жарылғыш заттар жарылмай қалған соң қамауға алынған болатын.

Телеарнаға берген сұқбатында ол құрбан болғандар мен жараланғандардың туыстарынан кешірім сұрады. Ол Солтүстік Вазиристанның Мир Али қаласында өзімен бірге тағы басқа төрт баланың жаттықтырылғанын айтты.
XS
SM
MD
LG