Accessibility links

Жүздеген мысырлық Каир орталығына шеруге шықты


Жексенбі күні Каирдің Тахрир алаңына жүздеген адам шығып, Египеттің армия басшылығына наразылықтарын білдірді. Шерушілер Мохаммед Хуссейн Тантавидің елдің әскери кеңесі басшылығынан әрі қорғаныс министрі қызметінен алынуын талап етті.

Шерушілер сенбі күні наразылық шарасын жасаушылардың лагерін сарбаздар басып тастап, бір адам қаза тапқан оқиғаға ашулы болып отыр. Бұл қақтығыста тағы 70 шақты адам жараланған.

Ақпан айында президент Хосни Мүбәрак биліктен кетірілгеннен бері елді басқарып келе жатқан Жоғары кеңестің қарулы күштері сенбі күні Хосни Мүбәрәк кезіндегі кейбір аймақ басшылары орнынан алынады деген. Бірақ жексенбі күні Египеттің билеуші генералдары Каирдің орталық алаңындағы наразылықты тоқтату үшін күш қолдануға дайын отырғандарын айтқан. АҚШ Тахрир алаңындағы оқиғаларға алаңдаулы екенін айтқан.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG