Accessibility links

Назарбаевты үлгі етуді ұнататын Моңғолия консерваторларының уақыты өтіп барады


Демократиялық партия белсенділері өртеп, тонауға салған Моңғол халықтық-революциялық партиясының (бұрынғы коммунистердің) штаб-пәтері. Ұланбатыр, 1 шілде, 2008 жыл.
Демократиялық партия белсенділері өртеп, тонауға салған Моңғол халықтық-революциялық партиясының (бұрынғы коммунистердің) штаб-пәтері. Ұланбатыр, 1 шілде, 2008 жыл.

Осыдан жиырма жыл бұрын коммунистік жүйедегі елдердің бірі Моңғолияда демократиялық өзгерістер басталды. Кейбір қарама-қайшылықтарға қарамастан, Моңғолия Орталық Азия елдеріне өнеге көрсетіп отыр.


БЕЙБІТ ШЕРУ

1989 жылдың 10 желтоқсанында авторитарлық елдердің бірінің астанасында шерушілердің аздаған тобы демократиялық өзгерістер қажет деген ұрандармен көшеге шықты. Бұл Польша да, Чехословакия да, Румыния да емес, бұл – Моңғол Халық Республикасы болатын.

1921 жылы Моңғолия әлемдегі коммунистік екінші ел болу үшін Совет Одағының соңынан ерді. Ал, 1989 жылдың желтоқсан айында жоғары білімді Мәскеуде алған Санжаасурен Зориг Моңғолиядағы демократиялық революцияға басшылық жасады.

Кейбір бақылаушылар сол кезде Моңғолия халқының басым көпшілігі өзгерістердің қажеттігін түсінді деп ойлайды. Мұндай идеялар сол
Моңғол демократтары Санжаасурен Зориг (ортада) және Цахиагийн Элбэгдорж (оң жақта, ол 2009 жылы ел президенті болып сайланды) Сухэбатыр алаңында өткен антикоммунистік шеруде. Ұланбатыр, 1990 жыл.
кездері Шығыс Еуропа елдерінде де пісіп-жетіліп қалған еді. Егер дәл сол кездері халық шеруге шыға қалса, 1989 жылы-ақ Совет Одағының көптеген елдерінде авторитарлық режим құлайтын еді.

1989 жылдың 10 желтоқсанында, Халықаралық адам құқы күні, Зориг және өзге де белсенділер бейбіт шеру өткізу үшін 200-дей адамнан құралған топты Ұланбатырдағы Сухэбатыр алаңына бастап келді. Сол кезде Моңғолияның коммунистік билігі Үкімет үйінің терезесінен орталық алаңдағы шерушілердің саны аз ғана уақытта ондаған мың адамға жеткеніне үрейлене қарап отырды.

Сол жолы бейбіт шеруге студенттер, ғалымдар, шахтерлер, тіпті көшпелі малшылар да шықты. 1990 жылдың 9 наурызында Моңғолияның коммунистік басшылығы ың-шыңсыз биліктен кетті. Халық арасында «демократияның алтын сауысқаны» аталып кеткен Санжаасурен Зориг жиналған топқа жеңіске жеткендері жайында қуанышпен хабарлады.

ҚАНТӨГІССІЗ АУЫСУ

Өзге елдер Моңғолияның авторитаризмнен демократияға қантөгіссіз өткендігіне таңдана қарады. Санжаасурен Зориг және басқа да демократиялық жетекшілер шерушілерді бұдан былайғы үш айға дейін тыныштық сақтауға шақырды. Коммунистер Михаил Горбачевтің қысымымен Қытайдың Тяньаньмэнь алаңындағы қантөгісті оқиғалар қайталанып қалады ма деп қауіптенді.

Сонымен, Моңғолияны 70 жыл билеген бірпартиялы билік бір оқ шығармастан берілді. Үш ай өткен соң басым көпшілігі азиялық ұлттар
Моңғолия президенті Цахиагийн Элбэгдорж. Ұланбатыр, 22 мамыр 2009 жыл.
болып табылатын ел өзінің социалистік өткенімен қош айтысып, советтің ең кедей, оқшауланған серіктесінен заманауи, көппартиялы, экономикасының болашағы бар демократиялық елге айналды.

Сәл кейінірек өткен демократиялық еркін сайлаулар Моңғолияның парламентіне бірінші рет демократтарды алып келді. 1996 жылғы сайлауда Демократиялық партия көпшілік дауыс алды. Конституциялық және нарықтық реформалар дәуірі мен Моңғол халықтық-революциялық партиясы жедел түрде толық іске қосылғандай көрінген.

Бұдан соң авторитарлық кезеңде басып-жаншылған ұлттың өзін-өзі тану үрдісі қайта жанданды. Мектептерде орыс тілін моңғол тілімен ауыстырды. Буддалық ғибадатханалар қалпына келтірілді. Тарихшылар елдегі жақсы құрметтелетін тұлғалардың бірі, ХІІІ ғасырда билік құрған Шыңғысханның бұрмаланған бейнесін тезірек тазалауға кірісті.

ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ӨРШУІ

Моңғолиядағы демократиялық эволюция аймақ тарихындағы табыс ретінде аталып отырды. Сол кездері бүкіл әлем Моңғолияны Орталық Азиядағы автократияны өзгертудің үздік үлгілерінің бірі деп есептеді. Алайда, Нью-Йорктегі Колумбия университетінде тарихтан дәріс беретін Моррис Россаби Моңғолияның совет диктатынан тезірек құтылуға деген үлкен құлшынысы ол ел үшін тым қымбатқа түсті дейді.

Ол ұзақ уақыт бойы Мәскеуге тәуелді болған Моңғолия Совет Одағы тараған соң бас иесіз қалды деп есептейді.

«Моңғолия сауда мен инвестицияның 90 пайызын совет блогынан алатын. Сондықтан Совет Одағы тарқап кеткен соң қолдаудан айрылған бұл ел халықаралық қаржылық агенттіктердің көмегіне жүгінді. Халықаралық топтар кідірмей жетіп келіп, ақырының қалай
Елдегі жемқорлық пен канадалық тау-кен компаниясымен жасалған концессия келісімінің шарттарына наразылық білдірген мың жарымға жуық адам шеруге шықты. Ұланбатыр, 11 сәуір 2006 жыл.
болатындығын ойламастан бірден жекешелендіруге кірісті. Осының салдарынан Моңғолияда жұмыссыздық күрт өсіп, инфляция шарықтап, халық кедейлене түсті», – дейді Россаби.

Халықаралық валюта қоры, Азиялық даму банкі, Бүкіләлемдік банк және өзгелері Моңғолияға ұмтылып, 1990 жылы-ақ бұрынғы Совет Одағының бүкіл аумағына арналған агрессивті экономикалық реформаларын ұсынды.

Бұрынғы мемлекеттік салалар жаппай жекешелендірілген соң көп ұзамай күйреп, ондаған мың моңғол азаматтары жұмыссыз қалды.

Жергілікті валюта – тугрик девальвацияға ұшырап, құнсызданды. Совет заманында барша жұрттың қолы жететін білім беру мен денсаулық сақтау салалары да құлдырап тығырыққа тірелді.

ДАҒДАРЫС

Моңғолия жан басына шаққанда халықаралық көмек алатын әлемдегі бесінші елге айналды. Халықаралық валюта қорынан және өзге де қаржы агенттіктерінен экономикалық реформаларға мемлекетті барынша азырақ араластыру туралы ұсыныс алған ел үкіметі елдің қазба байлықтарын тиімді пайдалана алмады. Олардың барлығын шетелдік компаниялар көзді ашып-жұмғанша қарпып қалды.

Экономикалық дағдарыстармен қоса сол кезеңдерде қыс та қатты болып, мал жұтқа ұшырады. Малы қырылып, таяқ ұстап қалған малшылар күнкөрістің қамымен Ұланбатырға және елдің өзге де ірі қалаларына ағылды.

Моррис Россаби Моңғолиядағы экономикалық реформалар ақырында сәтсіздікпен аяқталды дейді.

«Халықаралық қаржы мекемелері жасаған бағдарламасымақтардан еш көмек болмады. 1994 жылы Моңғолия халқының 36 пайызы кедейшілікте өмір сүрсе, жыл өткен сайын олардың саны арта түсті. Осылайша, экономикалық өсу, нарықтық экономика деген қателік болып шықты», – дейді Россаби.

ДЕМОКРАТТЫҢ ӨЛТІРІЛУІ

Ең өкініштісі, көп ұзамай Моңғолиядағы демократияға өтудің ақыры сыбайлас жемқорлыққа және зорлық-зомбылыққа ұласты. 1980 жылдардың соңында елдегі бейбіт революцияны ұйымдастырған Санжаасурен Зоригті, 1998 жылдың қазан айында, өз пәтерінде, бетперде киген қылмыскерлер айуандықпен өлтіріп кетті. Ол ел премьер-министрі болып тағайындалған күні қасақана өлтірілді.

Зоригті өлтірген кезде қылмыскерлер оның әйелін байлап тастаған. Кейінірек ол күйеуінің өлтірілуіне Моңғолияның инфрақұрылымдар
Демократиялық партияны жақтаушылар сол кезде билік басында отырған Моңғол халықтық-революциялық партиясына қарсы наразылық білдіріп шеруге шықты. Ұланбатыр, 1 шілде, 2008 жыл.
министрі болып тұрған кезде пара алудан бас тартуы себепкер болды деді. Бақылаушылар Зоригтің айуандықпен өлтірілуін және ол қылмыстың әлі күнге дейін ашылмауын моңғол демократиясына жағылған қара күйе деп есептейді.

Санжаасурен Зоригтің көптеген одақтастары содан бері Моңғолияның саяси сахнасындағы мықты ойыншылар болып қалуда. Оның ішінде кезінде бейбіт шеруге қатысқандардың бірі, елдің бүгінгі президенті демократ Цахиягийн Эльбэгдорж да бар. Алайда, коммунистік режим құлаған соң алғашқы күндерде елді гүлдендіру туралы жарияланған ұран Моңғолиядағы өзара тартысқа ұласып кетті.

2008 жылғы шілденің басында Моңғолияда болған оқиғалар бүкіл әлемнің назарын аударды. Маусымның 29-ында ел парламенті – Ұлы мемлекеттік хуралға сайлаудың нәтижелері жарияланған соң Ұланбатырда жаппай тәртіпсіздіктер орын алды.

ТӘРТІПСІЗДІКТЕР

Сол уақытта оппозиция жетекшісі болған, Демократиялық партияның төрағасы, ал қазірде Моңғолия президенті Цахиагийн Элбэгдорж Моңғол халықтық-революциялық партиясы әкімшілік ресурсын пайдаланып, осылайша сайлау нәтижелерін бұрмалады деп мәлімдеді. Моңғолиядағы жаппай тәртіпсіздіктер барысында автомобильдер өртеліп, ғимараттардың терезелері сындырылды. Шерушілер полициямен қақтығысты.

Ресми деректер бойынша, тәртіпсіздіктер кезінде бес адам өліп, 300-ден аса адам жарақат алған. Моңғолияның күштік құрылымдары
Демократиялық партияны қолдаушылар Моңғол халықтық-революциялық партиясының (бұрынғы коммунистердің) кеңсесін өртеді. Ұланбатыр, 1 шілде, 2008 жыл.
тәртіпсіздіктерге негізінен жас жігіттер қатысып, олардың 800-дейі тұтқындалды деп мәлімдеді.

Моңғол саясаттанушысы Тумурсух Ундарья елдегі тәртіпсіздіктер халықтың демократияға және конституциялық құқықтардың сақталуына ұмтылуының нәтижесінде басталды дейді.

«Елдегі көптеген ата-аналар өз балаларының демократия туралы айтқан ашық сөздерінен әлі де қорқады. Олар өз балаларына адам құқы және демократия дегеннен аулақ жүріңдер дейді. Өйткені, өткен жылы көптеген жас жігіттер тұтқындалды, полиция оларды соққыға жықты, ал сот ұзақ мерзімдерге соттады. Осылардың барлығы қоғамдағы қорқынышты күшейтіп жіберді», – дейді саясаттанушы Тумурсух Ундарья.

Бақылаушылар оқиғаның бұлай өрбуі бір кездері Орталық Азиядағы демократиялық табысқа жеткен ел Моңғолияның беделіне нұқсан келтірді дейді. Олар елдегі демократиялық прогресс зорлық-зомбылықпен және тоқыраумен былғанды деп есептейді. Нәтижесінде елдің үштен бір бөлігі әлі де кедейшілікте өмір сүруде.

НАЗАРБАЕВТЫҢ АВТОРИТАРЛЫҚ ҮЛГІСІ

Кейбір бақылаушылар мүмкін Моңғолия постсоветтік елдердің көпшілігінде байқалып отырған өтпелі кезеңнің депрессиялық жағдайында
Моңғол саясаттанушысы Тумурсух Ундарья. Ұланбатыр, 21 қыркүйек, 2009 жыл.
тұрған шығар деп ойлайды. Бірақ, осыған қарамастан, халықтың 80 пайызы елдегі өзгерісті дұрыс шешім болды деп есептейді.

Саясаттанушы Тумурсух Ундарья Сухэбатыр алаңына шығу арқылы Моңғолия маңызды саяси қадам жасады және бұны аймақтағы өзге елдер үшін өнеге болар оқиға деп есептейді.

«Біз жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнімі Моңғолияға қарағанда бірнеше есе көп Қазақстанға қараймыз. Біз Қазақстанда көппартиялы парламенттік демократияның жоқ екендігін білеміз. Бізде тау-кен жұмысына қатысты үлкен жобаны бекіту үшін бес жыл бойы пікір таластыруға тура келеді. Осы кезде біреу тұрып: «Әне, Қазақстанға қараңдаршы, президент Нұрсұлтан Назарбаев бір күнде шешім қабылдайды да, келесі күні жоба жұмыс істей бастайды. Ал біз пікірталастың өзіне бес жыл уақытымызды жібереміз» дейді. Бірақ, осыған қарамастан, біз ұзақ мерзімді болашақ тұрғысынан алғанда бұл жағдайды Моңғолия үшін жақсы деп есептейміз. Шешім қабылдау үшін ұзақ мерзім кетеді, бірақ бұл шешімді негізінен қоғам, азаматтық қоғам мен саясаткерлер қабылдайды», – дейді саясаттанушы Тумурсух Ундарья.
XS
SM
MD
LG