Accessibility links

Ақадырдан қос қабатты қорым табылды


Ақадыр-2 қорымы. Батыс Қазақстан облысы. Тамыз, 2010 жыл.

Ақадыр-2 қорымы. Батыс Қазақстан облысы. Тамыз, 2010 жыл.

Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданының аумағындағы Ақадыр-2 ескерткішіне тиесілі 44 қорымның бірінде алғашқы қазба жұмыстарын аяқтаған облыстық тарих және археология орталығының мамандары он тоғызыншы қорымнан ересек ер мен әйел адамның және екі жас баланың сүйектерін тапты.


ТАЙПАЛАР ТОНАҒАН ҚОРЫМ

Ғалымдар қорымның темір дәуіріне, б.э.д. VІ-ІV ғасырларға жататынын айтып отыр. Бұны қорымнан табылған б.э.д. V ғасырға тиесілі жебенің қоладан құйылған ұшы да дәлелдеп отыр.

Археологтардың айтуынша, қорымды бұл жерге кейінірек келген сарматтар тонауы мүмкін. Көшпенділер қабірді адақтап болған соң, оны
Жауынгер кейпінде жерленген бала. Ақадыр-2 қорымы, Батыс Қазақстан облысы. Тамыз, 2010 жыл.
әрі қарай тереңдете, кеңіте қазып, оған өз тайпаластарын жерлесе керек.

Үңгірде қаз-қатар жатқан үш қанқаның ер, әйел және бірге толмаған жас балаға тиесілі екендігі анықталды. Ер адамның жауырынының астынан сынған қола айна табылды. Ежелгі көшпенділерде айнаны сындыру дәстүрі белгілі бір мән-маңызға ие болғаны мәлім.

Әйел адамның жанына шеберлердің қолымен құйылған қыш ыдыс, жіп иіретін ұршықтың басы, әйнектен жасалған моншақ қойылған және бас жағында құрбандыққа шалынған жануардың сүйектері болған.

Бала тікбұрышты етіліп ағаштан қашалған қола қоспалары бар тұмар тәрізді әдемі сәндік алқамен жерленген. Жерленгендер бір әулеттің мүшелері ме, жоқ па – анығын антрополог-мамандар айтпақ.

ҒАСЫРЛАРДАН ЖЕТКЕН ДӘМ

«Қабірден біраз қыш құмыралар алынды. Бізді ұстайтын тұтқасы, ас құятын аузы бар, зерленген ыдыста тамақтың қалдықтары сақталып қалғандығы қызықтырды. Құмыра ортан беліне дейін сары түсті сұйық тамақпен толтырылған. Алайда ыдыстың түбіндегі арнайы тесіктер арқылы ас-су жерге төгіліпті. Құмыра тұрған жердің топырағы да сарғыш түске боялған», – дейді Батыс Қазақстан облыстық
Ақадыр-2 қорымына жерленген адамның қаңқа сүйектері. Батыс Қазақстан облысы, тамыз, 2010 жыл.
тарих және археология орталығының ғылыми қызметкері Яна Лұқпанова.

Қазба барысында табылған жәдігерлер енді ғалымдардың нақтылы сараптамасынан өтпекші. Жалпы жер астынан үш метр тереңдікте қазылған қорым құрылысының өзі көңіл аударуға тұрарлықтай өте үлкен. Ені – 3, биіктігі – 1,5 метр. Іші ірілеу келген сопақша қыш тастармен толтырылып, араларына ұсақ құм себілгендігі де қазба жұмысына қатысқандардың назарын аудартыпты.

Ең қызығы – жоғарыдағы үлкен қорымның іргесінен 5 жасар балаға арналған кішірек жерлеу орны табылды. Құрылысы, архитектурасы бойынша тура үлкен қорым тәріздес.

Яна Лұқпанованың айтуынша, б.э.д. ІІІ ғасырдағы көшпенділер қоғамы үшін сәби айрықша маңызды рөлге ие болса керек.

РЕСЕЙМЕН ШЕКАРАДАҒЫ ҚАЗЫНА

Ақадыр-2 – аудан тарихындағы 2010 жылға дейін қазылған үшінші қорым. Ұзындығы 2,200 метр болатын ескерткіш Ақадыр ауылынан солтүстік-шығысқа қарай үш шақырым қашықтықта жатыр.

Былтыр Майтүбек ескерткішіне тиесілі қорымнан да жауынгер кейпінде жерленген бес жасар баланың сүйектері, мойынға, қолға тағатын
Қыш құмыраға ұқсатып әйнектен қашалған моншақ. Ақадыр-2 қорымы, Батыс Қазақстан облысы. Тамыз, 2010 жыл.
моншақтар, төңкерілген кішкентай қазан және қайрақ табылған-тын. Бала сары түсті металдан жасалған өрнектермен әшекейленген киіздің үстіне жатқызылыпты.

Бұл – Жәнібек ауданында басталған зерттеу жұмысының басы ғана. Келер жылдары үлкен археологиялық олжадан үмітті ғалымдар Ақадыр-2 комплексінде қазба жұмыстарын одан әрі жалғастырмақшы.

Жәнібек Ресейдің Волгоград, Саратов облыстарымен шектесетіндіктен, шекарадағы Кіші өзен мен Тарғын өзендерінің айналасын ресейлік археологтармен бірігіп зерттеп шығу да жоспарланған. Қос өзеннің айналасы ара-қашықтықтары 50, 100, 200 метрлік үлкенді-кішілі обаларға толы дейді мамандар.

Жалпы, Жәнібек ауданының аумағы аз зерттелген. Алғаш рет 1980 жылы жергілікті археолог Борис Железчиков пен мәскеулік ғалым Маша Машкова бастаған зерттеу тобы қазіргі Тау (бұрынғы Қайрат) ауылының қасындағы жалғыз қорым үстінен су құбырын тартып жатқандықтан жедел түрдегі қазба жұмыстарын жүргізген-ді.
XS
SM
MD
LG