Accessibility links

AzattyqLIVE: Желі қолданушыларын неге қамады?


«Әділ сөз» қорының өкілі Ғалия Әженова (оң жақта) мен Азаттық журналисі Кенжебек Нұрқасенұлы. Алматы, 20 мамыр 2016 жыл.

«Әділ сөз» қорының өкілі Ғалия Әженова (оң жақта) мен Азаттық журналисі Кенжебек Нұрқасенұлы. Алматы, 20 мамыр 2016 жыл.

Қазақстанда әлеуметтік желідегі жазбалары үшін «заңсыз шеруге» қатысты айып тағылған ондаған адам сот шешімімен әкімшілік қамауға алынды. Кейбір азаматтарды құқық органдарына шақыртып, ескерту жасаған. АzattyqLIVE бұл туралы «Әділ сөз» қорының өкілі Ғалия Әженовамен талқылады.

Қазақстанның әр аймағында осы аптада ондаған белсенді мен қарапайым азаматтар сот шешімімен 10-15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Билік оларды әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабы («бейбіт жиындар, шерулер, пикеттер ұйымдастыру және өткізу тәртібін бұзу») бойынша айыпты деп танып, жауапқа тартты. Кейбір азаматтардың әкімшілік ісін сот түн ішінде қараған.

Бұл адамдар әлеуметтік желіде Қазақстанда резонанс туғызған жер мәселесі және оған қатысты бейбіт шерулер жайлы өз ой-пікірлерін білдіргені немесе ақпаратпен бөліскені үшін жауапқа тартылғандарын айтады.

Сонымен бірге бұл күндері құқық органдарына шақырту алып, «заңсыз шеруге қатыспау» туралы ескерту жасалып жатқан адамдардың арасында кейбір баспасөз құралдарының өкілдері де бар.

Биліктің әлеуметтік желі қолданушыларын жаппай жазаға тартуы Қазақстан конституциясында кепілдік берілген азаматтардың сөз және баспасөз бостандығын, ой-пікір еркіндігін шектемей ме? Желіде ақпарат жариялағаны үшін қандай жауапкершілік жүктелуі мүмкін?

АzattyqLIVE бұл туралы «Әділ сөз» қоғамдық ұйымының өкілі Ғалия Әженовамен талқылады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG