Accessibility links

Лю Янг – Қытайдың алғашқы әйел ғарышкері


Қытай астронавтары Лю Янг (сол жақта), Жинь Хайпенг (ортада) Лю Уанг (оң жақта). 15 маусым 2012 жыл.
Қытай астронавтары Лю Янг (сол жақта), Жинь Хайпенг (ортада) Лю Уанг (оң жақта). 15 маусым 2012 жыл.

Қытай сенбі күні Говь (Гоби) шөліндегі космодромнан «Шэньчжоу-9» ғарыш кемесін ұшырды. Экипаж мүшесі, әскери теңіз күштерінің майоры Лю Янг – осы елдің тұңғыш әйел астронавы.

«Шэньчжоу-9» 2011 жылы орбитаға орнатылған «Тяньгун-1» алғашқы ғарыш лабораториясымен түйіседі. Бұл Қытайдың осындай алғашқы миссиясы болмақ.

Ресми өкілдердің мәлімдеуінше, экипаж құрамында Қытайдың солтүстігіндегі Хебей провинциясынан шыққан 34 жастағы Лю Янгпен бірге тағы екі ер астронавт (Жинь Хайпенг және Лю Уанг) бар.

Қытай мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, он күндік миссия барысында үш ғарышкердің екеуі модульдің ішінде тұрып, тіршілік жүйесін тексереді, ал үшінші астронавт ғарыш кемесінде қалады.

Бақылаушылардың айтуынша, «Шэньчжоу-9» ғарыш кемесі «Тяньгун-1» модулімен сәтті түйіссе, алдағы жылдары Қытай ғарыш бағдарламасының ірі жобаларына жол ашылады. Қытай адамы бар ғарыш кемесін айға ұшыруды және «Тяньгун-1»
Қытай астронавы Лю Янг ғарыш айлағында отыр. Қытай, 12 маусым 2012 жыл.
Қытай астронавы Лю Янг ғарыш айлағында отыр. Қытай, 12 маусым 2012 жыл.
модулінің орнына жетілдірілген ғарыш станциясын құруды жоспарлап отыр.

Қытай - ғарыш станциясы бар үшінші мемлекет.

Қытай мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары бұл елден шыққан алғашқы әйел астронавт Лю Янг туралы жағымды хабарлар беріп жатыр.

Бұрын Қытай армиясында әскери ұшқыш болған, соңғы үш жыл бойы ғарышкерлікке дайындалған Лю «батыр әйел» деп сипатталады. Ол 2010 жылы әскери-теңіз күштерінің жүк ұшағын төтенше жағдайда аман-есен қондырған.
XS
SM
MD
LG