Accessibility links

Алтынбекті еске алушылар Жаңаөзенді де айтты


Алтынбек Сәрсенбайұлының жары Салтанат Атушева жұбайының зираты басында. Алматы, 11 ақпан 2012 ж.
Алтынбек Сәрсенбайұлының жары Салтанат Атушева жұбайының зираты басында. Алматы, 11 ақпан 2012 ж.

Бүгін алты жыл бұрын қастандық құрбаны болған Алтынбек Сәрсенбайұлының зираты басына туыстары мен серіктестері келіп құран бағыштап, марқұмды еске алу шарасын өткізді.


Алматыда бүгін таңертең сағат 11-де Алтынбек Сәрсенбайұлының серіктері мен дос-жаран, туған-туыстары, пікірлес шәкірттері марқұмның Кеңсай зиратындағы бейіті басына барып, тағзым етіп, құран бағыштады.

Алтынбекті еске алып, зират басына жиналғандар арасында марқұмның жары Салтанат Атушева, Ораз Жандосов, Петр Своик, Болат Әбішев, Төлеген Жүкеев, Айдос Сарым, барлығы 60-70-тей адам болды.

«АЛТЫНБЕК ТІРІ БОЛҒАНДА ЖАҢАӨЗЕНДІ БОЛДЫРМАС ЕДІ»

Алтекеңнің өмірі қазақ тарихында қалады. Ол біртуар тұлға, алаштың арысы еді. Қазақ мемлекетінің іргесін қалағандардың бірі еді. Қазақ ұлтының, мемлекетінің патриоты еді, ешкімге де жау емес еді деген Төлеген Жүкеев сөзін былай
Серіктері, дос-жарандары мен туған-туыстары оппозиция жетекшісі Алтынбек Сәрсенбайұлының зиратына гүл қойып жатыр. Алматы, 11 ақпан 2012 ж.
Серіктері, дос-жарандары мен туған-туыстары оппозиция жетекшісі Алтынбек Сәрсенбайұлының зиратына гүл қойып жатыр. Алматы, 11 ақпан 2012 ж.
сабақтады.

- Қазіргі жағдайда Алтекеңнің ақылы да, ұйымдастыру қабілеті де өте керек болар еді. Кім біледі Алтекең арамызда болса, Жаңаөзен сияқты оқиғалар болмас еді. Ондайды болдырмауға ақылы жететін... Сондай дарындылығы бар, алдына көзі жететін еді, саяси оқиғаларды алдын-ала есептеп, кейде көрген сияқты болып тұрар еді. Соны сезінді ме Алтекеңе қиянат жасағандар... Қашан болса да Алтынбекке қастандық жасағандар түбінде табылады деп сенемін, - деді оппозициялық саясаткер Төлеген Жүкеев.

"Алтынбек Сәрсенбайұлы барлық қазақстандықтардың, қазақтың есінде қалады. Тарихта Алтекеңнің аты өз орнын ойып алды, ол мәңгіге қалады" деп сөзін түйіндеген Төлеген Жүкеев Алтынбекті еске алуға арналған саяси шаралардың, дөңгелек үстел талқылауларының Алматыда 16 ақпанда өтетінін айтты.

«БІЛЕМІЗ, БӘРІ БІЛЕДІ КІМНІҢ ІСТЕГЕНІН, БІРАҚ ДӘЛЕЛ ЖОҚ»

Театр режиссері Болат Атабаев, Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы қордың жетекшiсi Қадыржан Асқаров және “Жас Алаш” газетiнiң бас редакторы Рысбек
Оңнан солға: саясаткер Төлеген Жүкеев, Алтынбек Сәрсенбайұлының әйелі Салтанат Атушева, театр режиссері Болат Атабаев оппозиция жетекшісі Алтынбек Сәрсенбайұлының зираты басында. Алматы, 11 ақпан 2012 ж.
Оңнан солға: саясаткер Төлеген Жүкеев, Алтынбек Сәрсенбайұлының әйелі Салтанат Атушева, театр режиссері Болат Атабаев оппозиция жетекшісі Алтынбек Сәрсенбайұлының зираты басында. Алматы, 11 ақпан 2012 ж.
Сәрсенбайұлы да зират басында марқұмды еске алды.

- Осындай бір қаралы жиында бір адам "уақыт өтеді, өмір өтеді" деген екен, сонда бір философ оған жауап беріпті: "уақыт та қалады, өмір де қалады, біз өтеміз" деп. Соны мен осы жерге бейіт басына келген сайын сезінемін. Уақыт та қалды, өмір де қалды, Алтекең кетті, табиғатқа айналды. Әрине, өкініштісі сол - ғұмыры қысқа болды, сосын қолдан жасаған өлімнен кетті. Әлі жүрміз "ашылады, ашылады, ашылады" деп. Ашылады әрине, бірақ... бірақ, әділдік орнауы керек.

Білеміз. Бәрі біледі, кімнің істегенін, бірақ дәлел жоқ, Атын да білеміз, затын да білеміз. Амал жоқ, керек-ақ еді, Алтынбек керек еді бізге. Жоқ екенін жаңа айтты ғой. Сеземіз арамызда жоқ екенін. Көмегі керек еді бізге, ойы керек еді.

Алтынбек деген бұл мәуелі жеміс беретін ағаш еді. Кейбір ағаштар болады, гүлдеп жайнап тұрғанымен жеміс бермейтін тұл, бедеу ағаштар болады, сол жеміс беретін адамдардың саны аз, соны сеземін.

Ниетіміз қабыл болсын, Алтынбектің жолын қалап, таңдап алдық, менің өз таңдауым, сондықтан осы жолдан таймай Алтынбектің мұраттарын ары қарай жалғастыра берейік, - деп сөзін аяқтады режиссер Болат Атабаев.

please wait

No media source currently available

0:00 0:02:41 0:00
Жүктеп алу



«ШЫНАЙЫ ҚАЙРАТКЕРДІҢ ЖАУЫ ЖОҒАРЫ ЖАҚТА ОТЫРАДЫ»

Зират басында журналистерге берген сұқбатында марқұмның ағасы, «Жас Алаш» газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбайұлы былай деді:

-11 ақпан мен үшін де, бауырларымыз үшін де, көпшілік үшін де 366 күннің ішіндегі ең бір қасіретті, қайғылы күн. Қастандықпен Алтыкеніміздің өміріне, ғұмырына
«Жас Алаш» газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбайұлы інісі Алтынбектің зиратының басында журналистерге сұқбат беріп тұр. Алматы, 11 ақпан 2012 ж.
«Жас Алаш» газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбайұлы інісі Алтынбектің зиратының басында журналистерге сұқбат беріп тұр. Алматы, 11 ақпан 2012 ж.
балта шабылған, оқпен қиылған күн, содан бері де алты жыл өтті. Бірақ біздің жүрегіміздегі жара жазылған жоқ, ауыр қайғы жеңілдеген жоқ. Өйткені Алтынбектің қазасының ерекше жанға қатты бататыны, бұл дүйім жұртқа, халыққа керек адам еді. Өйткені Алтынбек саналы түрде халықтың бақыты жолындағы күрес жолына түсті. Ол ойдан шығарылған әдеби кейіпкер емес еді. Күрестің жолында түрлі қауіп-қатер болады. Ол жеке басының, балаларының бақыты үшін шектеліп қалған жоқ.

Шынайы қайраткердің, шынайы "алашым, қазағым" дейтін, "халқым" дейтін азаматтың жаулары қашан да жоғары жақта отырады екен. Билікке қолдары жеткен соң халықты да, мемлекетті де бетперде қылғаны болмаса, шетке ысырып тастап, қайта өз мүддесін алға шығарып, соның жолында бәрін құрбан ететін басшылар болады, қай мемлекетте болмасын. Ондай басшылар диктаторлық үстемдік, жеке дара билікті сақтап қалу үшін барын салады, айлаға да, амалға да, қастандыққа да барады. Осындай жағдай, өкінішке қарай, біздің елімізде болып отыр, - деген Рысбек Сәрсенбайұлы марқұмның мәнсапқа, билікке ұмтылмағанын, қайта билікті тәрк етіп, халықтың, елдің мүддесі үшін күрес жолына түскенін еске алды.

please wait

No media source currently available

0:00 0:01:38 0:00
Жүктеп алу



Осыдан тура алты жыл бұрын, 2006 жылы ақпан айының 11-і күні Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның екі көмекшісі – Бауыржан Байбосын және Василий Журавлев жоғалып кетті. Арада екі күн өткенде үшеуінің өлі денелері Алматы облысының Талғар ауданы аумағынан табылған еді.

Билік жүргізген ресми тергеу мен сот процесі осы қылмысқа «кінәлілерді тауып жазалағанымен», саясаттанушылар мен жекелеген қайраткерлер саяси қайраткердің өліміне тікелей қатысы барлар түрлі себептерге байланысты әлі күнге шейін жауапқа тартылған жоқ деп санайды.
XS
SM
MD
LG