Accessibility links

Кәсіпкер кедергі көп екенін айтады


Неміс фермері Ганс Цольманның жылқылары. Германия, 15 мамыр 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Неміс фермері Ганс Цольманның жылқылары. Германия, 15 мамыр 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

«Үкімет қымыз бен шұбаттың емдік қасиетін пайдалану мүмкіндігіне қажетті көңіл бөлмей отыр» дейді Қарағанды облысында жылқы шаруашылығымен айналысып, 30-40 адамға жұмыс тауып берген кәсіпкер Айтуған Мұқашев.

Жылқы шаруашылығын ғылыми негізде зерттеген кәсіпкер-ғалым Айтуған Мұқашев 50 шақты бие сауып, ауылдастарын жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

Ол «үкімет жылқы мен түйе шаруашылығына дұрыс қолдау танытса, көбірек жұмыс орнын ашуға болар еді» дейді.

– Қымыз өндіретін адамдарға субсидия бөлгізуге қолымыз жеткен. Бірақ ол қуанышымыз ұзаққа бармады. Неге десеңіз, субсидия бөлудің дұрыс механизмі жасалмаған. «Кімде 100 жылқысы болса, сол адам жәрдемақы алады» дейді. Бірақ Қазақстанда 100 жылқысы бар адамдар бие сауған емес және саумайды да. Оларда бие сауып отыруға уақыт жоқ, тек оны сатудан пайда түсіреді. Ал Қазақстанды қымызбен қамтамасыз етіп отырған төрт-бес биесі бар ортақол шаруалар ғана, – деген кәсіпкер10 жыл бойы үкіметтен көмек сұрап, шаршағанын айтады.

Айтуған Мұқашевтың шағын цехы шығаратын қымыз шыны бөтелкеге құйылып сатылады. Жылқы шаруашылығының маманы «еуропалық талап бойынша қымыз шыны ыдысқа құйылуы керек» дейді.

Оның айтуынша, Қазақстанда қымыз бен шұбаттан ұнтақ жасау, косметикалық Кәсіпкер Айтуған Мұқашев.

Кәсіпкер Айтуған Мұқашев.

заттар өндіру ісін қолға алғанымен, заңдастыру машақаты бәрін тұралатып қойған.

Айтуған Мұқашев бие сүтінен косметикалық заттар жасау үшін малайзиялық компаниямен келісім-шарт жасасқанын да айтты.

– Бие сүтін өзіміз кептіріп, соны халал косметика шығаратын малайзиялық компанияға бердік. Олар тауардың сынамалық партиясын жасап та қойды. Бірақ оны Қазақстанға әкеліп сататын мүмкіндік жоқ, себебі құрғатылған сүтке елден сертификат ала алмай отырмыз. Оның техникалық мөлшерін жазатын маман да жоқ, – дейді Айтуған Мұқашев.

Айтуған Мұқашевтың сұқбатының толық нұсқасын тыңдаңыз:

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG