Accessibility links

Желтоқсаншы Рахметовке айыппұл салынды


«Желтоқсан ақиқаты» ұйымының белсендісі Құрманғазы Рахметов. Астана, 24 наурыз 2011 жыл.

«Желтоқсан ақиқаты» ұйымының белсендісі Құрманғазы Рахметов. Астана, 24 наурыз 2011 жыл.

Ақпанның 28-і күні Алматы қалалық мамандандырылған әкімшілік соты «Желтоқсан» қозғалысының белсендісі Құрманғазы Рахметовке рұқсат етілмеген митингіге қатысқаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш (шамамен 500 АҚШ доллары) көлемінде айыппұл салды.


Құрманғазы Рахметов ақпанның 25-і күні Алматыда өткен «Қарсылық күні» митингісіне қатысып, сөз сөйлеген еді.

– Әкімшілік кодекстің 373-бап 3-бөліміне сәйкес 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салды. Сот осыған дейінгі дайындалып қойған сценариймен өтті, – деді Құрманғазы Рахметов ақпанның 28-і күні Азаттық тілшісіне.

Бұған дейін өткен аптадағы митингіге қатысқаны үшін «Жас алаш» газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбайұлы және Құралбек Ақназаров, Анар Әбілдаева, Инга Иманбай, Сайлау Лепесов, Саламат Омаш, Гүлмира Тұрдиева, Шәкім Уәлиева, т.б. белсенділер әкімшілік жазаға тартылып, әртүрлі көлемде айыппұл төлеуге тиіс болған.

КЕШЕГІ АЙЫПТАУШЫСЫ – БҮГІНГІ ПАРТИЯЛАСЫ

Құрманғазы Рахметов – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына байланысты сотталған азамат.

Қазақ ұлттық университетінің физика факультетінде, бірінші курста оқып жүрген студент Рахметов Желтоқсан оқиғасынан соң іле-шала «жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды» деп айыпталып, сотқа тартылды.

Оның ісіне қатысты сотта мемлекеттік айыптаушы ретінде қазіргі 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушы жастар. (Көрнекі сурет)

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушы жастар. (Көрнекі сурет)

оппозициялық саясаткер, сол кездегі прокурор Жармахан Тұяқбай бекітілді.

Прокурор Тұяқбай соттан Рахметовті 11 жылға соттауды талап еткен. Небәрі екі күнге созылған сотта судья Рахметовті жеті жыл бас бостандығынан айырып, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеу туралы үкім шығарды.

Түрмеде екі жыл екі ай отырған Құрманғазы Рахметов 1989 жылы бостандыққа шықты. Оның ісі 1989 жылы қайта қаралып, 1990 жылы ақталды.

Ал 2000 жылы Рахметов материалдық шығыны мен моральдық зардабы үшін өтемақы өндіріп алды.

Желтоқсан оқиғасы кезінде прокурор болған Жармахан Тұяқбай кейінірек Құрманғазы Рахметовтен жұрт алдында кешірім сұрады.

«Желтоқсан» қоғамдық қозғалысының құрылуына араласып, 1994-96 жылдары осы ұйымды басқарған Құрманғазы Рахметовтің есімі кейбір саяси науқандарда көрініп қалады.

Ол 2011 жылғы кезектен тыс президент сайлауында президенттікке өз кандидатурасын ұсынды, 2012 жылдың басында өткен кезектен тыс парламент сайлауына Жармахан Тұяқбай басқаратын ЖСДП атынан үміткер ретінде қатысты.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG