Accessibility links

Қарағандыда ЛГБТ өкілдерін тергеу видеосы


YouTube видеосынан алынған кадр. Видеода Қарағандыда төрт ЛГБТ өкілін біреулер тергеп, кемсіткен. Видеоның қашан түсірілгенін белгісіз.
YouTube видеосынан алынған кадр. Видеода Қарағандыда төрт ЛГБТ өкілін біреулер тергеп, кемсіткен. Видеоның қашан түсірілгенін белгісіз.

Белгісіз біреулер тергеуге алып, бірінің басынан ұрып жатқаны түсірілген видео кейіпкерлері - ЛГБТ қоғамдастығы өкілдері Алматы қаласындағы Қазақстан адам құқығы бюросы көмегіне жүгінген.

Бірер күн бұрын YouTube әлеуметтік желісінде ЛГБТ (лесби, гей, бисексуал және трансгендер) қоғамдастығының төрт өкілін (болжам бойынша, үшеуі – трансвестит, біреуі – транссексуал) тергеп жатқан сәт түсірілген видео жарияланды. Жыныстық азшылық тобының өзге өкілдерінің айтуынша, әуелі әлгі видео смартфондарға арналған WhatsApp қосымшасы арқылы тараған.

ЛГБТ өкілдерін тергеу
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:37 0:00
Жүктеп алу

Видео кадр сыртындағы белгісіз ер адамның «Енді Андрей емеспін дейтін мына сен, бері қара, Қарағандыда не істеп жүрсіңдер?» деген сұрағынан басталады. Ақ сары шашты қыз біраз уақыт камераға қарайды, кейін қызыл футболка киген ер адам оны басынан қолымен салып жібереді. Өзге қыздар ұрмауын өтініп, сұрақтарға жауап бере бастайды. Олар есімдерін атап, қай қалада тұратынын айтады. Бұған қоса, белгісіз ер адам олардан «өмірде немен айналысатындарын» айтуды талап етеді. Біреуі жезөкшелікпен айналысып, ішкі істер департаменті есебінде тұратынын айтса, енді бірі тұрмыста екенін әрі бала-шағасы барын айтады. ЛГБТ өкілдерінің айтуынша, олар Қарағандыға қыдырып немене құрбысына келген.

Видео жарияланғаннан кейін Алматыдағы Қазақстан адам құқығы бюросы белсенділері видеодағы адамдарға көмегін ұсынып, хабарласуды өтінген. Бюро өкілдері Азаттыққа «олар бізден шынымен көмек сұрады, бірақ бұл - құпия ақпарат» дейді. Бюро қызметкерлері видеоның нақты қай күні түсірілгенін және кім түсіргенін айта алмады.

- Бірақ әлгі адамдардың полицейлер емес екенін жұрттың күдігін сейілту үшін айтайық. Біз әзірше оларды сутенерлер немесе өзге біреулер деп қана айта аламыз, бірақ олар әлдебір қызметтегі адамдар емес, полицейлерге де қатысы жоқ, - дейді бюро заңгері Мария Расулова.

Ол әлгі видеоны қандай мақсатпен түсірілгені туралы ештеңе айта алмайтынын, бірақ видеодан адамның ар-намысын таптайтын қатыгездік анықкөрінетінін айтады.

Біз олардан ұйым атына арыз жазуды сұрадық. Өйткені әлгі адамдарға (видеоны түсіргендерге - Азаттық) «Адамның жеке өміріне араласу» бабы бойынша шара қолдану үшін полиция органдарына жүгіну керек.

- Біз олардан ұйым атына арыз жазуды сұрадық. Өйткені әлгі адамдарға (видеоны түсіргендерге - Азаттық) «Адамның жеке өміріне араласу» бабы бойынша шара қолдану үшін полиция органдарына жүгіну керек, - дейді заңгер Мария Расулова.

Оның айтуынша, роликті көп адам көрген әрі видеодағы жандар қазір «жұрттың сұқ көзінен, өзге қалаларда жүргеніне қарамастан, көшеге шығудан сескенеді». Мария Расулованың сөзінше, адам құқығы бюросы өкілдеріне бұл жайлы олардың өздері айтқан.

Informburo.kz сайтының дерегінше, ертеректе Қарағанды облыстық ІІД видеомен танысып, ІІД дерекқорында видеодағы кейіпкер қыздардың ұсталғаны туралы ақпарат жоқ, ал полиция қызметкерлері оларды ұрып-соқпағаны анық деп мәлімдеген.

Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметі жетекшісі Бақытжан Құдияровтың Азаттыққа айтуынша, «полицейлер ешкімді ұстамаған әрі ішкі істер органдарының әлгі видеоға ешқандай қатысы жоқ» дейді.

- Әлгі видео жарияланып, мен берген комментарийден кейін журналистер бірнеше рет сұраған, бірақ олардан (видео кейіпкерлерінен - Азаттық) тергегендерге қатысты ешқандай арыз түскен жоқ, - дейді Бақытжан Құдияров.

Бұған қоса, ол «менде әлгі видеоны кім және қашан түсіргені туралы ақпарат жоқ» дейді.

ЛГБТ қоғамдастығы өкілдерінің құқығын қорғаумен айналысатын қазақстандық Feminita ұйымы Азаттыққа видеодағы қыздардың көмек сұрамағанын хабарлады. Ұйым өкілдері «бұл - адам құқығын бұзу мен трансгендер қыздарды кемсітудің айқын көрінісі» деумен шектеліп, өзге комментарий беруден бас тартты

Азаттыққа видео кейіпкерлерін табудың әзірше сәті түспеді.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG