Accessibility links

«Харакиришіл» парламент, жаман қойшы және тойған шыбын


Қазақстанның тұңғыш президенті атындағы саябақта ашылған Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші. Алматы, 11 қараша 2011 жыл.

Қазақстанның тұңғыш президенті атындағы саябақта ашылған Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші. Алматы, 11 қараша 2011 жыл.

«Жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе» (Абайдың сөзі), әйтеуір тағы бір аптаның аяғын көрдік. «Алысқан, жұлысқан, айтысқан, тартысқан – әурешілікті көре-көре келдік». Бірақ мен оның бәрін емес, осы аптада өзіме әсер еткен үш жаңалықты ғана айтайын.


І. ПАРЛАМЕНТ ТАРАТУ НЕМЕСЕ «ГОГИ ҮШІН ІШІП ҚОЯЙЫҚ!»

Осы аптада мәжіліс депутаты Нұртай Сабилянов 53 «әріптесінің» қолы қойылған жолдауды баспасөз мәслихатында жариялау бақытына ие болды.

Шынымды айтсам, бұған дейін де айы-күні толмай жатып үш рет «өзіне-өзі қол жұмсаған» парламенттің төртінші рет «харакири» жасамақ болғанына таң қалған жоқпын. «Өтіріктің өзіне емес, қисынына сен» демекші, мені сүйсінткен – депутаттың уәжі болды.

Сабилянов мырзаның айтуынша, «Қазақстан 2012 жылды жаңа, жаңартылған үкімет пен парламенттен бастаса, ол да – бір символдық мәні зор үлкен оқиға, саяси оқиға» екен.

Сандардың құдіретті күшіне нанатын депутат мұндай ілімді жуықта ғана меңгерген сияқты. Әйтпесе 2007 жылы дүниеге келген, бір ғана партиялы («Нұр Отан» мүшелерінен ғана құралған) Қазақстан Парламент сессиясынан көрініс. Астана, 14 қаңтар 2011 жыл.

Парламент сессиясынан көрініс. Астана, 14 қаңтар 2011 жыл.

парламентін 2011 (2010, 2009, 2008) жылдың 1 қаңтарында таратса да, «символдық мәні зор үлкен оқиға, саяси оқиға» болар еді.

Депутаттың айтуынша, онсыз да «алдағы жылы әлемде экономикалық дағдарыстың жаңа толқыны басталады, сипаты мен ауқымын болжап болмайтын бұл дағдарыс Қазақстанның экономикасын да шарпуы мүмкін». Сондықтан бюджет қаржысын үнемдеу үшін кезектен тыс «парламент және мәслихаттар сайлауларын бірге өткізген жөн».

Нұртай Сабиляновтың әріптесі Виктор Рогалевтің айтуынша, парламент мәжілісі мен мәслихат депутаттарын жаңадан сайлауға 8,6 миллиард теңге ғана бөлінген.

Сабиляновты қорқытып, парламенттен бездірген дағдарысты ескере отырып, ендігі парламентті «тәбеті» шектеулі, «бойы» шағын, «салмағы» жеңіл депутаттардан құрыңдар деп тілек айтайық.

P.S. Тілек демекші, дағдарысқа орай елдің қамын ойлап, жабырқап кетіп бара жатқан 53 депутатқа да тілек айтып, көңілдерін көтеріп қояйықшы.

Негізі, бұл тілек-анекдотты сол депутаттардың көсемі – «Нұр Отан» ХДП төрағасы (және Қазақстан Республикасының президенті) Нұрсұлтан Назарбаев 2006 жылы Алматыда, шетел инвесторларының XV кеңесіне келген қонақтарға айтқан еді – сондықтан күлмеуге хақыларыңыз жоқ:

– Грузин 50-ге толып, достары, жақындары жиналыпты. Бір досы түрегеліп, мынандай тілек айтыпты: «Гоги, сенің Тбилисиде сарайың бар – бірақ бізде де біраз нәрсе бар. Сенің екі «Мерседесің» бар – бізде де бар. Сенің жасырын цехың, бірнеше көңілдесің бар... Бірақ біз де сорлы емеспіз. Кәнеки, онда нағыз коммунист Гоги үшін ішіп қояйық!».

ІІ. «НҰР ОТАН» МЕН БІР ОТАР

Өздеріңіз білесіздер, «Егемен Қазақстан» газетінің тұрақты оқырмандарының бірімін. Сүйікті газетім осы аптада тағы бір қуанышты мәлімет жариялап, таң-тамаша қалдырды.

«Еліміздің ең мерейлі мерекесі – Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы қарсаңында аймақтың (яғни Маңғыстау облысының – Е.Т.) абыройлы да танымал азаматтары «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының қатарына өтуге өтініш-тілектерін көптеп білдіруде. Соның нәтижесінде, облыстағы "Нұр Отан" партиясының сайлау қарсаңындағы билборды. Астана, 16 тамыз 2007 жыл. (Көрнекі сурет)

"Нұр Отан" партиясының сайлау қарсаңындағы билборды. Астана, 16 тамыз 2007 жыл. (Көрнекі сурет)

партия мүшелерінің саны өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 1,5 есеге өсіп, осы жылдың он айында 2781 адам мүшелікке өтті. Бұл «Нұр Отанның» жетекші, нағыз халықтық партия екендігінің бір көрінісі деуге болады» деп жазады «Егемен Қазақстан».

Сауатымның жеткенінше есептей бастадым: 2781 адам облыстағы партия мүшелерінің санын 1,5 есе өсірсе, оған дейін 5562 адам болған ғой. Сонда қазір Маңғыстау облысында «Нұр Отанның» 8343 мүшесі бар екен. Құтты болсын!

Тек бір гәп...

Осыдан екі ай бұрын, тамыздың 10-ында «Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облыстық филиалы мұнайшылардың партия қатарынан жаппай шығып жатқанын жоққа шығарып, мәлімдеме жасаған еді.

«Мұнайшылар партия қатарынан шыққан жоқ, Маңғыстаудағы «Нұр Отан» мүшелерінің саны - 27 000 (жиырма жеті мың)» деген еді.

Екі ай бұрынғы 27 000 адам қазір қалайша 8343 болып қалды? Менің арифметикалық қабілетім шабан ба, әлде «Нұр Отанның» Маңғыстаудағы 18 мың 657 мүшесі жерге кіріп кетті ме, суға батып кетті ме, көкке ұшып кетті ме?

P.S. Әуелі «Нұр Отанға» көңіл айтайық: «Адам түгілі мал да жоғалады – жаман қойшының бір қойын қасқыр тартып, бір қозысын бүркіт көтеріп әкетпей ме!» деп; одан соң – көңілдерін көтеру үшін «көкке ұшу» туралы анекдот.

Негізі, бұл анекдотты «Нұр Отан» ХДП төрағасы (және Қазақстан Республикасының президенті) Нұрсұлтан Назарбаев 2007 жылы маусымның 7-сінде халықпен өткізген интернет-конференциясында айтқан – сондықтан күлмеске шараларыңыз жоқ:

– Қой баққан бақташы отыр. Кенеттен бүркіт пайда болып, қойды аспанға іле жөнеледі. Бақташы мылтығын кезеп, бүркітті атады. Жараланған бүркіт төмен зулап құлай береді. Ал қой ұшуын одан әрі жалғастырады. Бүркіттер құламауы, ал қойлардың ұшпауы үшін ішіп қоялық!

ІІІ. ЕСКЕРТКІШ НЕМЕСЕ ТОЙҒАН ШЫБЫН

Естеріңізде болса, екі апта бұрын бір айтып едік – «Қазақстан құрылысшылар одағының президенті Любовь Нысанбаева, архитекторлар одағының президенті Ақмырза Рүстембеков, дизайнерлер одағының президенті Тимур Сүлейменов, суретшілер одағының президенті Байтұрсын Өмірбеков Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жазып, өз қаржыларына ескерткіш орнатпақ болды» деп.

Осы аптада Молдованың құрамындағы Гагауыз автономиясының басшысы да «түркі әлемінің үздік саяси қайраткері» Нұрсұлтан Назарбаевқа мүсін орнататынын мәлімдеген.

Сірә, айдаладағы гагауыздардың сөзі шамдарына тисе керек – Қазақстан өз президентіне тағы бір ескерткіш орнатпай қоймасқа бекініпті.

2011 жылы 11 айдың 11-і күні сағат 11-де (мұндай «символдық мәні зор» күнді көргенде депутат Сабиляновтың нумерологиялық «үрейі» кешірімді болып қалады екен!) Алматыдағы тұңғыш президент паркінде Нұрсұлтан Назарбаевтың мүсіні бар «Қазақстан» композициясының ашылу салтанаты болды.

Ескерткіштің авторлары – қалалық архитектура және қала құрылысы басқармасы, «Алматы қала құрылыс кадастыры» мемлекеттік қазыналық Президент Назарбаевқа шағым айта келген қарттарды полиция Ақордаға өткізбей тұр. Астана, 28 наурыз 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Президент Назарбаевқа шағым айта келген қарттарды полиция Ақордаға өткізбей тұр. Астана, 28 наурыз 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

кәсіпорыны, Алматы құрылыс басқармасы екен.

«Бұл ескерткіш Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жазған бастамашылардың ақшасына жасалды» деп сендіреді ақпарат агенттіктері.

Негізі, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ортаншы күйеу баласы Тимур Құлыбаев 2,6 миллиард доллар байлығымен «Форбс» журналының әлемдегі ең бай адамдар тізіміне енгенін ескерсек, Құдайға шүкір, Қазақстан – ақшаға тоқ ел ғой.

P.S. «Тоқ» демекші, тақырыпқа қатысты тағы бір анекдот. Бірақ бұл анекдотты шамамыз келгенше күзеп, сылап-сипап, мәдениетті түрге түсірген болдық. Күле аласыздар ма, жоқ па – оны өздеріңіз білесіздер.

– Денесіне жара қаптап, ауырып жатқан бір адам үстіне қонған шыбынды қуған жұртқа жалынады екен: «Құдай үшін, бұл тойған шыбындарды қумаңдаршы! Бұлар кеткенмен орнына аш-арық шыбындар келіп, мені бұдан ары азаптайды ғой!» деп. Сол сияқты мемлекет – ауру адам, біз – тоқ, семіз шыбынбыз, – деді президент. Уәзірлері мен нөкерлері бірінен-бірі оза күліп, «Керемет сәтті теңеу айттыңыз!» деп, ду қол шапалақтап, сол үшін ішіп қойды.

Құрметті оқырмандар, бұл анекдотты айтқан қайсы мемлекеттің басшысы екенін тапсаңыздар, дерегін маған да жазып жіберіңіздер.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG