Accessibility links

10-сынып оқушылары ҰБТ-ға әлден-ақ дайындалып жатыр


Әлішер Құрбанай ҰБТ-ға дайындалып отыр. Алматы облысы Талғар қаласы, 2 маусым 2014 жыл.

Әлішер Құрбанай ҰБТ-ға дайындалып отыр. Алматы облысы Талғар қаласы, 2 маусым 2014 жыл.

Оқу жылы аяқталған соң да 10-сынып оқушыларының көбі мектепке оралды. Оларды келесі жылдың маусым айында тапсыратын ҰБТ-ға дайындайды. Бұл жаңалық кейбір ата-аналар мен оқушылардың көңілінен шықпады.

Әлішер Құрбанай Алматы облысы Талғар қаласындағы 2-мектепте оқиды. Биыл 10-сыныпты бітірген Әлішер Азаттық тілшісіне мектептегі жаңалық туралы айтып берді.

- Биыл сыныптастарымның бәрі 11-сыныптан кейін тапсыратын ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) дайындалу үшін екі ай бойы таңғы сағат 9-дан түскі 12-ге дейін мектепке барады. Әр пәнге 2 сағат 45 минуттан бөлінген. Олар ҰБТ-ға енетін бес пән бойынша дайындалады. Меніңше, жазғы демалыста мектеп бағдарламасын ұмытып қалмау үшін мұның пайдасы да бар. Бірақ демалуға мүлде аз уақыт қалады, - дейді ол.

Әлішердің ата-анасының айтуынша, ҰБТ-ға дайындық баланың көп уақытын алады, бала жазғы каникулда жүргенін сезінбейді. Оқушының анасы Айгүл Қожагелдиева:

- Балам демалудың орнына күнде мектепке кетеді. Бағдарламаны ұмытып қалмас үшін бір жағынан бұл жақсы да шығар. Бірақ ол қашан демалады? Өтініш жазып, баламды жазғы дайындықтан босатып алдым. Ауылда тұратын ата-әжесіне жібермекпін, - дейді Азаттық тілшісіне.

МҰҒАЛІМДЕР «ЖОҒАРЫДАН ТҮСКЕН БҰЙРЫҚҚА» СІЛТЕЙДІ

Азаттық тілшісі әңгімелескен алматылық ата-аналардың көбі бұл пікірді қостайды. Олар «балалар мектепке барғысы келмейді, бірақ басқалардан қалып қоймас үшін амалсыз көнеді» дейді.

Азаттық тілшісі хабарласқан бірнеше мектеп директоры «ҰБТ тапсыруға байланысты қолымыз бос емес» деген уәжбен комментарий беруден бас тартты. 2014 жылғы ҰБТ тапсырмалары "Вконтакте" әлеуметтік желісіне жарияланып кетті. (Көрнекі сурет)

2014 жылғы ҰБТ тапсырмалары "Вконтакте" әлеуметтік желісіне жарияланып кетті. (Көрнекі сурет)

Мектеп мұғалімдері «жоғарыдан түскен бұйрыққа» байланысты, әрі жұмыстан шығарып жібермес үшін екі ай жұмыс істеуге мәжбүр екендерін айтады.

Алматы мектептерінің бірінің орыс тілі пәні мұғалімі Гүлмира Д.-ның (толық аты-жөні өз өтініші бойынша көрсетілмеді) Азаттық тілшісіне айтуынша, 10-сынып оқушыларының ҰБТ-ға жазғы дайындығы келесі жылы «екі есе қарқынмен» дайындалуы тиіс балаларды анықтау үшін керек.

- 10-сынып оқушыларын дайындау-дайындамау мәселесін әр мектеп өзі шешеді. Мектеп ұжымы білім министрлігінің бұл ұсынысынан бас тартуына да болады, бірақ бұл мектептің беделіне әсер етеді. Егер ондай мектептің оқушылары ҰБТ-да нашар нәтиже көрсетсе, мектептің де, директордың да, аудандық білім беру бөлімі меңгерушісінің де рейтингі төмендейді. Әрине, бұл бізді де, ата-аналарды да, әсіресе оқушыларды шаршатады, - дейді орыс тілі мұғалімі Гүлмира Д.

Оның айтуынша, 10-сынып оқушыларын тағы бір мақсатпен – нашар оқитындардан «құтылу» үшін дайындайды. Кейін мектеп басшылығы мен мұғалімдер ата-аналарды ҰБТ көрсеткіштеріне «кесірі тиетін» үлгерімі нашар балаларын лицей, колледждерге ауыстыруға үгіттейді. Оқытушылар ондай ата-аналарға арнаулы оқу орнын таңдауға көмектеседі.

ОҚУШЫЛАРҒА КЕҢЕС

Алматы қаласындағы жалпы білім беретін 141-мектептің математика пәні мұғалімі Сейітжан Басқожаев «10-сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындау балалардың өздеріне пайдалы» деп есептейді.

- 2016 жылдан бастап Қазақстан оқушылары ҰБТ-ны екі кезеңмен - әуелі ҰБТ тапсырып шыққан түлектер. (Көрнекі сурет)

ҰБТ тапсырып шыққан түлектер. (Көрнекі сурет)

мектепте, сосын жоғарғы оқу орнында тапсырады. Меніңше, оқушылар бүкіл бағдарламаны жазда қайталап шыққаннан ұтылмайды, - дейді ол.

Алматы қаласындағы «Қалалық әдістемелік кабинет» ғылыми-әдістемелік зертханасы директоры Ирина Тюкачеваның айтуынша, 10-сынып оқушыларын алдағы ҰБТ-ға өз еріктері бойынша дайындайды. Бұл мәселені әр мектеп өзі шешеді. Егер оқытушылар мен оқушылар қажет деп тапса, жазғы каникул кезінде ҰБТ-ға дайындалады. Ирина Тюкачева «бұл жерде ешқандай мәжбүрлеу жоқ» дейді.

Қазақстанда ҰБТ-ны маусымның 2-сінен 9-ына дейін тапсырады. Қазақстанның жоғары оқу орнына түскісі келетін мектеп түлектері міндетті түрде ҰБТ тапсыруы тиіс. Жыл сайын бұл жалпы ұлттық науқанның соңы жанжалға немесе «емтихан алудың жүйесі жетілмеді» деген шағымдарға ұласады.
  • 16x9 Image

    Алма КЕНЖЕБЕКОВА

    Алма Азаттықта 2012 жылдан бері жарияланып келеді. ҚазҰУ-дің журналистика факультетін бітірген соң "Преступление и наказание", "Время По", "Мегаполис", "СолДат" сияқты БАҚ-тарда тілші болған. IWPR халықаралық ұйымымен кәсіби әріптестік байланысы болған. "Юридическая газета" мен "Сета" радиосында бас редактор қызметін атқарған.​

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG