Accessibility links

Қырғыз сарапшысы: ТМД-ның келешегі бұлыңғыр


Қырғыз сарапшысы Еміл Үмітәлиев.
Қырғыз сарапшысы Еміл Үмітәлиев.

Азаттық: - Саммит кезінде қол қойылады деген құжаттардың көбі - экономикалық сипаттағы құжаттар. Сіздің ойыңызша тағы қандай мәселелер қозғалуы мүмкін?

Үмітәлиев: - Бұл қиын сұрақ. Өйткені, ТМД елдері арасындағы қарым-қатынас күрделеніп келеді, экономикалық жағдай жақсы емес және оның бүгін-ертең түзеліп кететін түрі көрінбейді. Бұл ұйымның мақсаты әуел бастан дұрыс анықталмаған. Алғашқы жылдары-ақ бірлік болмады. Сызат жыл өткен сайын тереңдеп барады, жаңа экономикалық кедергілер пайда болып жатыр. "Сауда соғыстары" басталды. Осылардың бәрін ескергенде, саммитке келген үкімет басшылары қандай мәселелерді талқылайтынын тап басып айту қиын.

Азаттық: - Саммит кезінде қарым-қатынасты реттеген дұрыс болар еді дегіңіз келе ме?

Уметалиев: Бұл саммит – жоспарлы кездесу. Одан бір нәтиже шығады дегенге сенбеймін. Әуел бастан қожыраған ұйым. Негізінен Ресейдің мүдделері ескеріліп, басқа елдердің талаптары орындалмай келеді. Сондықтан ТМД-ның жылдан-жылға қадірі кетіп барады. Саясаткерлер де ұйымдастыру мәселелеріне аса көп көңіл бөлмейді. Халықаралық қызығушылық та жоқ. Басқаша айтқанда, ТМД-ның келешегі бұлдыр. Саммиттерге дайындықтың әуресінен басқа ТМД-дан біз (Қырғызстанды айтады - ред.) ешқандай пайда көргеніміз жоқ.

Азаттық: - Бұл саммитке Әзербайжанның, Арменияның, Өзбекстанның, Түркіменстанның үкімет басшыларының орынбасарлары келеді. Халықаралық саммитке орынбасарларды жіберу дұрыс деп ойлайсыз ба?

Негізінен Ресейдің мүдделері ескеріліп, басқа елдердің талаптары орындалмай келеді. Сондықтан ТМД-ның жылдан-жылға қадірі кетіп барады. Саясаткерлер де ұйымдастыру мәселелеріне аса көп көңіл бөлмейді. Халықаралық қызығушылық та жоқ.

Уметалиев: Жоқ, ол дұрыс емес. Бұл менің ұйымның қадірі кетіп бара жатқаны, халықаралық қызығушылықтың жоқ екені туралы сөздерімнің дәлелі десем де болады. ТМД-ны баяғыда «ажырасушылардың ұйымы» деп атайтын болған. Қазір ТМД жұмысын зорлықпен жалғастырып келеді.

Азаттық: - ТМД-ны күшейтудің жолы бар ма, әлде үміт жоқ па?

Үмітәлиев: - Мысалға Ресей сарапшыларының пікірін келтірейін. Олардың айтуынша, түбегейлі құрылымдық өзгерістер жасалмайынша, Ресей экономикасы құлдырай береді. Бұл жағдай басқа ТМД елдеріне де әсер етеді. Жақындасуға деген ниеттің жоқтығы да осыдан. Бұл - шындық. Ондай реформалардың төбесі де көрінбейді. "Реформа жасалады" деген сөздер құр уәде ғана. Ресейдегі сайлаудың алдында сондай мәлімдемелер айтылады да, кейін ұмыт қалады.

P.S. ТМД елдері үкімет басшылары саммитінде электрэнергетикалық нысандарда апат болған жағдайда ақпарат алмасу, білім беру саласы бойынша ынтымақтастықты тереңдету, радиоактивтік заттарды тасымалдау туралы деректер алмасу мәселелері талқыланады. Қол қоюға әзірленген құжаттар ішінде агро және биологиялық алуан түрлілікті сақтау жөніндегі конвенция мен мемлекеттік сатып алу процедуралары мен ережелері жөніндегі хаттама бар.

Қырғызстан сыртқы істер министрлігінің мәліметіне қарағанда, ТМД елдері үкімет басшылары кеңесі отырысына Беларусь, Қазақстан, Тәжікстан, Молдова, Ресей премьер-министрлері қатысады. Ал Әзербайжан, Армения, Түркіменстан, Өзбекстан премьерлерінің орынбасарлары келеді. Бұлардан өзге, саммитте Украина елшісі және ТМД атқару комитетінің төрағасы болады.

Азаттықтың Қырғыз қызметінің мақаласы орыс тілінен аударылды.

XS
SM
MD
LG