Accessibility links

Омбы әкімдігі Хэллоуинді атап өтпеуге шақырды


Хэллоуин мерекесі кезінде. АҚШ, Нью-Йорк, 30 қазан 2013 жыл.

Хэллоуин мерекесі кезінде. АҚШ, Нью-Йорк, 30 қазан 2013 жыл.

Омбы билігі мектептерді Хэллоуин мерекесін тойламауға шақырды. Орыс православие шіркеуі де Батыстан келген мейрамдарға қарсы.

Бұдан бір жыл бұрын ғана "Зомби парад" флэш-мобына тыйым салған Омбы билігі биыл Хэллоуин мейрамына кірісті.

"Мерекелік мистикалық бейнелер, өлім культін насихаттау және оны адам кейпінде бейнелеу оқушыларға психологиялық және моральдық кесірін тигізуі мүмкін" деп жазылған Омбы облысы білім министрлігінің сайтында.

Мектептерге "Хэллоуинді және сол сияқты экстремистік бағыттағы мерекелерді" тойламау туралы ескерткен.

Ресейде танымал болып келе жатқан Батыс мерекесі Хэллоуинге қарсы Омбы билігінің ескертуі Орыс православие шіркеуінің "әсері зиянды" осы мейрам жайлы мәлімделерінен кейін іле-шала айтылды.

Хэллоуин мейрамын тойлаушылар.

Хэллоуин мейрамын тойлаушылар.

Шіркеу өкілі Всеволод Чаплин елдің қауіпсіздік қызметтерімен байланысы бар LifeNews сайтына берген сұхбатында "Адамдар әуелі жын-шайтанмен қалжыңдасып ойнайды. Кейін осындай нәрселерге шындап беріліп кетеді. Сол кезде ауру, торығу, жанкештілік сияқты қауіпті мәселелер шығады" деген еді.

Чаплиннің сөзінше, жасөспірімдер басқа толымды рухани тәрбие болмағандықтан осы мерекені тойлап жүр.

Хэллоуин әу баста кельттердің егін жинау мейрамы болған деп сипатталады. Ол қарашаның 1-інде, кельт есебінше қыстың басы есепті Самайн айы қарсаңында тойланған. Мейрам кельттердің ажал құдайы құрметіне арналған. Ол халықтың нанымынша, Самайн кезінде түнде аруақтар үйлеріне келіп қайтады.

Бұл мереке 9-ғасырдағы рим-католик папасы Төртінші Григорийдің кезінде Бүкіл әулиелер мерекесі ретінде христиандарға еніп, 835 жылдан бастап 1 қарашада тойлана бастаған. Хэллоуин (Halloween) деген сөз шотландтық "All Hallows Eve " сөзінен туған.

Келе-келе бұл мейрам жұрттың әртүрлі костюм киіп, тойлайтын ортақ мерекесіне айналған.
Адамдар әуелі жын-шайтанмен қалжыңдасып ойнайды. Кейін ауруға, торығу мен жанкештілікке ұшырайды.

Кейінгі жылдары Ресейдің бірнеше қаласында Хэллоуинге тыйым салынған еді. Орыс православие шіркеуі де "православиелік мәдени нормаларды сақтауға" белсене кіріскен. Шіркеу биыл маусымда қабылданған, "дәстүрлі емес жыныстық қарым-қатынасты насихаттаушыларға қарсы" даулы заңды жақтаған, Мәскеудегі соборда ән айтып қарсылық танытқан Pussy Riot панк-тобы мүшелерін соттауды қолдаған.

Бірақ Омбыда адамдардың беттерін бояп, өзгеше киініп тойлайтын бұл мейрамын билік қатаң бақылауға алған сияқты.

2012 жылы тамызда 300 адам жиналған кезде бұған дейін рұқсат етілген "Зомби парад" флеш-мобы кенет өтпей қалған.

1 миллионнан астам тұрғыны бар Омбы қаласы әкімшілігінің өкілі Константин Саенко "шеру оған қатыспайтын адамдардың құқығын бұзбауы керек" деген. Оның сөзінше, "Епархияның ойынша, қан-қан киім киген адамдар толы көріністер сезімтал жандар мен балалардың психикасына зиян".

Азаттық тілшісі Гленн Кейтстің мақаласы негізінде жазылды.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG