Accessibility links

Вольнова - әйелдер боксындағы алғашқы жүлдегер


Марина Вольнованың (қызыл) жартылай финалдағы жекпе-жегі. Лондон, 8 тамыз 2012 жыл

Марина Вольнованың (қызыл) жартылай финалдағы жекпе-жегі. Лондон, 8 тамыз 2012 жыл

Тамыздың 8-і Марина Вольнова олимпиада тарихында бірінші рет ұйымдастырылған әйелдер боксында қола жүлде жеңіп алған алғашқы қазақстандық спортшыға айналды.

Лондон олимпиадасында 75 килограмм салмақта рингке шыққан Марина Вольнова 1/8 финалда кениялық қарсыласын айқын басымдылықпен ұтқан еді. Ширек финалда қазақстандық боксшы өз салмағына ең мықты саналып келген ұлыбританиялық Саванна Маршалдан ұпай саны бойынша басым түсіп, жартылай финалға жолдама алған болатын.

Тамыздың 8-і күні өткен жартылай финалдық сайыс кезінде Марина Вольнова америкалық Кларесса Шилдстан 15-29 есебімен ұтылып қалды. Америкалық боксшы Вольнованы екі мәрте нокдаунға жібергеніне қарамастан өзі де көп соққы жеді.
Қазақстандық боксшы Марина Вольнова. Лондон, 6 тамыз 2012 жыл

Қазақстандық боксшы Марина Вольнова. Лондон, 6 тамыз 2012 жыл


Бокс турнирінің ережесіне сай жартылай финалда ұтылған спортшы автоматты түрде қола жүлдегер атанады. Марина Вольнованың бұл медалі Қазақстан әйелдер боксының тарихындағы ең үздік нәтижеге айналды.

Ұзақ уақыт тыйым салынып келген әйелдер боксына ең бірінші Швеция 1988 жылы рұқсат еткен болатын. 1999 жылы әйелдер арасында бірінші рет Еуропа кубогы жарысы өтсе, 2011 жылы алғашқы әлем чемпионаты ұйымдастырылды. 2012 жылғы Лондон олимпиадасында бұл спорт түрі бірінші рет жарыстар тізіміне кірді.

Қазақстан олимпиада құрамасы тамыздың 8-і күнгі жалпы командалық есепте 6 алтын, 2 қола медальмен оныншы орында тұр.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG