Accessibility links

Украина Киевтегі қырғынды Гаага сотында қарауға шақырды


Киевтегі үкіметке қарсы шерулер. 21 ақпан 2014 жыл.
Киевтегі үкіметке қарсы шерулер. 21 ақпан 2014 жыл.
Украина үкіметі Халықаралық қылмыстық сотты өткен айларда Киевтегі Тәуелсіздік алаңында үкіметке қарсы шерулерде 100-ден астам адамның қазасына тексеру жүргізуге шақырды.

Гаагада орналасқан халықаралық сот 18 сәуірде Украинада 2013 жылдың 21 қарашасы мен 2014 жылдың 22 ақпаны аралығында жасалған қылмыстарды халықаралық соттың тергеуін құп көретіні туралы Киевтен ресми хат алғанын хабарлады.

Украина Халықаралық қылмыстық сотпен байланыс орнату жөніндегі халықаралық келісімге 2000 жылы қол қойған, бірақ әлі ратификацияламаған.

Украина билігі Гаага сотын қылмыстық іс жүргізуге шақырғанымен, бірден тергеу басталып кетпейді. Прокурорлар әуелі алдымен мұнда тергеу жүргізерліктей дәлел--айғақтардың жеткілікті екендігіне көз жеткізуі тиіс.

Халықаралық қылмыстық сот ең маңызды деген халықаралық қылмыстарды, оның ішінде геноцид, адамзатқа қарсы жасалған және әскери қылмыстарды тергеумен айналысады.

Киевтің Тәуелсіздік алаңында 20-22 ақпанда үкіметке қарсы шерулер кезінде 100-ге жуық адам қаза тапқан. Олардың көпшілігі снайперлердің оғынан мерт болды.
XS
SM
MD
LG