Азаттық радиосының веб-сайты «AWARD.KZ ұлттық интернет сыйлығының» жеңімпазы болды
Азаттық радиосының жаңа веб-сайты қатарынан екі бірінші орынды қанжығасына байлады. Біріншісі – мемлекеттік тілдегі ең үздік сайт номинациясы, екіншісі «Масс-медиа» саласы бойынша берілді.
Азаттыққа табыс етілген «AWARD.KZ ұлттық интернет сыйлығының» дипломдары.x
Азаттыққа табыс етілген «AWARD.KZ ұлттық интернет сыйлығының» дипломдары.
Жыл сайын өтетін бұл сайысқа қатысуға биыл Қазақстандағы мыңнан астам веб-сайт ниет білдірді. Алайда тек солардың отызы ғана финалға өткен. «AWARD.KZ ұлттық интернет сыйлығымен марапаттау рәсімі 19 қарашада кешке Алматыдағы «StarsClub» түнгі клубында өтті. Однокласники.ру интернет-сайтының негізін қалаған Альберт Попков жюри конкурсына төрағалық етті. Посткеңестік интернет-кеңістігінің тағы бір пионері Констонтин Горожанкин ұйымдастыру комитетінің тең төрағасы болды.
Айтпақшы, дәл осы күні Қазақ-Британ техникалық университетінің мәжіліс залында Альберт Попков әлеуметтік желілерді құру және одан әрі жетілдіру тақырыбында шеберлік дәрісін өткізді.
Конкурстың бас жүлдесін Алматы қаласының интерактивті картасы орналасқан www.mycity.kz сайты жеңіп алды. Ал Азаттық радиосының www.azattyq.org веб-сайты «Мемлекеттік тілдегі ең үздік сайт» және үздік «Масс-медиа» атағы бойынша екі бірдей бәйгеде 1-ші орынды иеленді.
Биылғы жылы «AWARD.KZ ұлттық интернет сыйлығы» алтыншы рет табыс етіліп отыр. Ең алғашқы рет бұл конкурс 2003 жылы ұйымдастырылды. 2004 жылы аталған сыйлықпен марапаттау рәсімі Ұлттық кітапханада өтті. Содан бері қарай бұл конкурсқа қатысушылар саны жыл өткен сайын артып келеді.
CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!
Құрметті оқырман!
Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.
Тіркелу үшін мына жерді басыңыз
Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.
Құрметпен,
Азаттығыңыз