Келесі бағдарлама





Мультимедиа


 

Мінбер - бізден, пікір - сізден

Көзі тірі көсемдерге қойылған ескерткіштерге қатер төніп тұр

Халық пен президент'' деп аталатын қола барельфтің эскизі.

11.05.2009

Қазақстанда көршілес Түркменстанның үлгісімен, қызметте отырған ел президентіне ескерткіш орнатылғалы жатыр. Назарбаевтың жеке басына табынушылықтың қарқын алғаны соншалық, жоба ауторлары кейінгі ұрпақтың еншісіндегі іске араласып кетті.

ЖАЛТЫР БАСТЫ БӘТЕҢКЕМЕН ТЕПКІЛЕУ

Астанадағы Тәуелсіздік сарайы алдына қойылатын монументтің бір бөлшегі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мүсіні болмақ.

Нұрсұлтан Назарбаевтың жанында шетелдік жақсы кеңесшілерінің жоқтығы байқалады. Егер оның үкіметінде Ирақтан келген бір дана адам болса, жақында ғана Ирақта болған оқиғаларды оған айтып берер еді.

Саддам Хусейннің басынан бағы тая салып-ақ қарапайым ирактықтар оның ескерткіштерін құлатып, қалдықтарын Бағдад көшелерінде қалай таптап жатқандарын әлемнің барлық телеарналары көрсетті.

Алып ескерткішті әзер дегенде құлатқан кезде көптеген ирактықтар кеше ғана азуын айға білеген, ең сүйікті көсемнің жалтыр басын бәтіңкемен тепкілеп жатты.

АУТОРЛАРДЫҢ ОЙЫ

Мемлекеттің бірінші тұлғасын мәңгілік есте қалдыруды көздейтін жоба ауторлары, қоғам тарапынан болар түсінбеушілікті жұмсарту мақсатында, Нұрсұлтан Назарбаевтың мүсінін жеке салғысы келмеген.

Қазақстан қаласалушылар одағының төрағасы Сәрсенбек Жүнісовтің ойынша, ескерткіш төрт барельефтен құралған композиция болуы керек. Автордың ойынша, президент оң қолын ел Конституциясына қойып, ант қабылдап тұрған сәтінде бедерленбек.

Егер идея жүзеге асып жатса, қалған үш барельеф «Ерлік», «Жасампаздық» және «Болашақ» деп аталмақ.

САЯСАТШЫНЫҢ ТАҒДЫРЫ БОЛЖАУСЫЗ

Егер Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшілігінде Александр Миртчев сияқты адамдар емес, оған қарағанда алды-артын ойлайтын америкалықтар жүрсе, онда олар президентке көзі тірісінде ескерткіш орнату туралы ойды қолдауға құлық танытпас еді.

Америкада мұндай дәстүр жоқ. Кетіп бара жатқан президентке өзінің атындағы кітапхана ашуға мүмкіндік береді. Оны БҰҰ аясындағы түрлі құрметті бастамаларға пайдаланады. Бірақ, Қазақстаннан алыстау жатқан бөтен елде өз басшыларына граниттен ескерткіш орнатып, жағымпаздану үрдісі жоқ.

Оның ең басты себебі, уақыт өте келе кез-келген саяси қайраткердің тағдыры қалай өзгеріп, беделі қандай күйде болатынын ешкім білмейді.

Лениндік кадрлардың арасында шоқтығы биік болған тұрған Феликс Эдмундович Дзержинскийдің тағдыры бұлай боларын кім болжапты. Оның сүзектен тұрғандай арып-ашқан түр-тұлғасы мен қандыбалақ әруағы аңызға өзі сұранып тұрғандай.

Елдегі ең басты ескерткіштің жайы не болды? Лубянканың чекист командирлерінің көз алдында олардың граниттен жасалған өлі басшыларының басына тұзақ салып, кранмен жұлып алды да, елдің көзіне түспейтін аулаққа апарып тастады.

ЖАҒЫМПАЗДАРҒА ТҮРКМЕНБАШЫНЫҢ МЫСАЛЫ ДА АЗ КӨРІНЕДІ


Астананың өзі алғашқы канализациясынан бастап шыныдан салған зәулім үйлеріне дейін Нұрсұлтан Назарбаевқа қойылған нағыз ескерткіш емес пе? Бұны тәуелсіз Қазақстанның бірінші президентінің тағдырында қандай өзгеріс болса да сызып тастай алмайсың.

Президенттің алдында көрініп қалғысы келген қандай жағымпаздар екен? Көрші Түркменбашының мысалы оларға аз ба? Оның қазасынан аз ғана жыл өткеннен соң елдегі Сапармұрат Ниязовтың дәуірінде дүниеге келген символдардың барлығын тәрк етіп жатқанын байқамай ма?

Кезінде ең қасиетті кітап ретінде саналған «Рухнаманы» қазір біреуге көрсетуге ұялып, тығып тастайды. Және ол жалпы бұқараның жадынан біртіндеп өшіріліп жатыр. Одан бірден бас тартуға қауіптенетін болар.

Егер аздап миға салмақ салса, Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегін бағалаудың заманға сай басқа да толып жатқан тәсілдерін ойлап табуға болар еді.

Ескерткіш қою – ұрпақтардың еншісінде. Кейін ешкімге көзтүрткі болып жүрмес үшін, ескерткіш қоюға кімнің лайықты екендігін тек солар ғана шешеді. «Көрмес түйені де көрмес» деген халық даналығы бекер айтылмаса керек.

(Журналист Александр Народецкий бұл мақаласында өзінің көзқарасын ортаға салады. Ол Азаттық радиосының позициясымен сәйкес келмеуі мүмкін).
Бұл форум жабық
Пікірлерді іріктеу
     
Пікірлер
Кімнен: қоишыбек Қайдан: іле
11.05.2009 20:16
орнатса орната бесін,бізде қазақтың шақаи тартқан қара табанымен ханның басын қақ шекеден бір теуіп қалуға даиындала журерміз.....қызық емеспе?!

Кімнен: Әлім Қайдан: Сапақ
12.05.2009 11:35
Меніңше анау үш барельефті аутор ойлағандай "Ерлік", "Жасампаздық" және "Болашақ" емес, қайта керісінше "Ездік","Жағымпаздық" және "Бейшаралық" деп атаған дұрыс болар.Ал ауторға "үлкен ақымақ" деген атақ беру қажет.

Кімнен: Ислам
12.05.2009 12:10
Иманғали жағынуды біледі ғой

Кімнен: Қазбек Қайдан: Орал
12.05.2009 12:18
Нұрекеңе қандай ескерткіш қойса да артық емес,тұла бойын түгел алтыннан құйса да, оның еңбегін ақтай алмаймыз. Құдай тағала берген ғой қазақтың маңдайына. Тек ол ескерткішті кейінірек (Нұрекең тақтан кеткен соң), халықтың қолдауымен қою керек

Кімнен: марат
12.05.2009 20:15
Елбасының еңбегін ешкім жоққа шығарайын деп отырған жоқ.Бірақ бізде "брак" та көп болып тұр.Ескерткіш, барельеф Нүрекеңе бүгін де, тіпті ертең қажет емес.Тарих мүлде басқа бағытта дамитыны анық.2030 деген, жолдау дегендерді Елбасы жазуы тіптен қиыспайды.Бұның бәрі саясат.Ал, саясат - ағаш ат!

Кімнен: Ілесбек Байжанов Қайдан: Шымкент шаһары
27.05.2009 13:47
Киелі құстардың қасиеті, немесе неге бұрын құлпытастарға адам бейнесін салуға рұқсат бермеген?

Қорегінің тазасын жейтін және ылас, харам жерге жақындамайтын құс – Бүркіт!
Қандай жерде жүрсе де, үстіне шаң қонбайтын және үстін таза ұстайтын ол жылан. Киелі жерлерде жылан жүреді. Құрт – құмырсқа, тышқандар киелі Орданы кемірмейді. Киелі жерде Бүркіт жүреді. Бүркіт киелі әруақтардың зиратына қойылған белгілерге құстарды жолатпай, қорғайды. Киелі жерге жұлдыздың, айдың сәулесі түсетін терезе жақтаулар болуы керек. Бұл шайтанның исін жолатпайды. Сондықтанда зиратқа адамның суретін қоймайды. Себебі тірісінде көзіне құстың көлеңкесі түспеген небір нартұлғалы азаматтар: «Өлгенде көзімді құсқа шоқытты!?» - деп, әруақтар ұрпағынан теріс бұрылады.
Тірі адамға ескерткіш қойылмайды. Егерде қойылса, Ата – Бабасының әруағы: «Екі жүзді!» - деп, қарғап тұрады. Ескерткішке құстар қонады, шоқиды. Себебі биік нәрсеге құрт – құмырсқа үйір. Ал құстар осыларды жеуге келеді. Әруақ үрім – бұтағына арам нәрсені жақындатқысы келмейді. Ал енді осы пенде өз - өзіне ескерткіш қойдырып тұрса, әруақ теріс бұрылып тұрады. Құстар Жер Жаһанды аралайды, қонбайтын жері, шоқымайтын арам заты жоқ. Соғыс болып, адамдар мен жан – жануар қырылып жатқан жерге де, індет тараған жерге де ұшып барады. Енді бұл құстар келіп: «Елінің киелі азаматының суреті мен ескерткіштің көзін шоқып тұрса, бұл елге де соғыс, індет тілегені, яғни жамандық шақырғаны!» Бір дінсіз кәпірдің батыры Әзірет Әліге:
- Өлгеніңде екі көзіңді қарға шоқысын!» - деп айтқанда, Әзірет Әлі:
- Ей кәпір! Менің көзімді қарға шоқымайды! Мен Алланың ақ жолында жүрмін! Халқым қадірлеп, арулап қояр! - дейді. Бұл әңгімені Мұхаммед пайғамбарымыз естігенде:
- Әлі, тәубаңа кел! Ол кәпір тура айтып тұр! Сен Еліңе, ұрпағыңа өсиет жаз! Дүниеден озғаныңда зиратыңа бейнеңді салмасын! - деп, ұлағатты сөз айтады.
Ал ондай сурет, ескерткіш қойылған жерде, шырақшы тұруы керек. Шайтанды алыстан байқайтын құс «Байқыз». Ол шайтанды көре салып сұңқылдап: «Ей пендем! Сақ бол! Алланы ұмытпа, тіліңді кәлимаға келтір! Менде бір байдың сұлу қызы едім. Шайтан мені осындай халге түсірді!» - жылайды екен.
Ескерту: Бұл жәдігерлер Сыпыра шежіреші Әлиасқар Байғұтұлынан алынған.
     
Мәтін көлемі - +