Сенбі, 26 мамыр 2012, Алматы 05:49

МӘДЕНИЕТ

Айнұр мен Нұрмат ақындардың айтысы

Наурыз мерекесі күндері Алматыдағы студенттер сарайында «...Тіл кеспек жоқ!» деген тақырыппен өткен ақындар айтысындағы Айнұр Тұрсынбаева мен Нұрмат Мансұровтың өнер сайысын Азаттықтан тыңдаңыздар.

Мәтін көлемі - +
Айнұр Тұрсынбаева мен Нұрмат Мансұровтың айтысының толық аудиожазбасын мына жерден тыңдай аласыз.

Қызылорда облысының Тереңөзек ауданында дүниеге келген Нұрмат Мансұровтың мамандығы заңгер. 2000 жылдан бері әртүрлі деңгейдегі айтыстарға қатысып келе жатқан Нұрмат бірнеше рет бас жүлдені жеңіп алған.

Айтыскер Бекарыс Шойбеков пен Мұхамеджан Тазабековті өзіне ұстаз тұтатын Нұрмат Мансұровтың өнерсүйер қауымның есінде қалған айтыстары ретінде «Ел басқарар ерің кім?» деген тақырыппен Астанада 2005 жылы Қазақстан президенті сайлауының алдында өткен жыр додасында Сара Тоқтамысовамен сөз сайысын және Қызылорда қаласының 80 жылдығына арналған айтыстағы көкшетаулық Арман Бердалинмен болған өнер сайысын атауға болады.
Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева. Алматы, 21 наурыз 2010 жыл.

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева көптеген республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпазы ретінде жұртқа танымал.

Айтыс өнерінде жүргеніне 17 жыл болған Айнұр Тұрсынбаева жыр сайыстарында тапқырлығымен, уытты қалжыңдарымен және қоғамдағы өзекті мәселені қозғауымен көрерменін тәнті етіп келеді.

Бұл жолғы айтыс барысында Нұрмат Мансұров Айнұр Тұрсынбаеваға 8 наурыз - әйелдер мерекесі қарсаңында Қазақстан президентінің қабылдауында болғанын айта келіп:

«Сәт туып қалғаннан соң отты қызға,
Ақ сөйлеудің бір жолын таптыңыз ба?
Шетелдік компаниялар жаңаөзендік
Халықты басынғанын айтыңыз ба?

Шаңырақта тұратын шаруалардың
Билікке ашынғанын айттыңыз ба?
Қара суық қақтаған Семейіңнің
Жол таппай тосылғанын айттыңыз ба?

Жоқ әлде патшаменен бір шай ішіп,
Терлегенге мәз болып қайттыңыз ба?» - деп сауал тастады.

Өз кезегінде Айнұр қарсыласына берген жауабында, биылғы наурыз айында Алматы облысы, Қызылағаш аулында болған су тасқынын жырға қосты.

«Құдай-ау, қайдан табамыз Қызылағаштың ауылын,
Мәйітін қайдан іздейміз қапыда кеткен бауырым.
Бұйыртпады ғой жанашыр, әкімдердің де тәуірін,
Құрып кетсе екен көсемдер құрт жеп қойған бауырын».



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 
Кімнен: Мыс
26.03.2010 20:31
+0 / -0
Азаттыққа Жүрсін Ерман келгелі бері айтыс беріле бастапты....
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
26.03.2010 20:41
+0 / -0
Құрметті Мыс,

Жүрсін Ерман мырза Азаттыққа келген емес, ол кісінің осы айтысты ұйымдастырып, екі күн айтыстың басы-қасында жүргенінен ғана хабардармыз.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
26.03.2010 20:49
+0 / -0
тоғызыншы минутта тоқтап қалды...

Кімнен: Qarasai Қайдан: Qaskeleng
26.03.2010 20:49
+0 / -0
Bizding baiqauimizsha,Zhursin Azattiqqa kelgen zhoq,Azattiq Aitisqa keldi,ming raqmet.

Кімнен: Қыс
26.03.2010 20:52
+0 / -0
Мыс!!! Есіңді жиып жүрсеңші!!! Алып-қашпа өсектер сен сияқты (анандайлардан) -лардан шығып, тарайды екен ғой.
Пікір алмасу

Кімнен: Қас
26.03.2010 21:53
+0 / -0
Мыс, есің барда к..тіңді қыс!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Нұралин Қайдан: Алматы
27.03.2010 17:07
+0 / -0
Ағайын, бұл қазақтың электронды мәдениеті ғой, бұған біз блапыт сөздерді араластырмасақ!!!!!!!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Нұралин Қайдан: Алматы
27.03.2010 17:07
+0 / -0
Ағайын, бұл қазақтың электронды мәдениеті ғой, бұған біз блапыт сөздерді араластырмасақ!!!!!!!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: Жынхана
01.04.2010 02:18
+0 / -0
Мысекеңдікі қысылуы қиын болып тұрай сол

Кімнен: Айкүн
26.03.2010 21:34
+0 / -0
Керемет айтыс болыпты, рақмет! Қазақтың айтысы - нағыз демократия. Басқа жұптарды да осылай тыңдасақ, шіркін!

Кімнен: Айбалта
26.03.2010 22:46
+0 / -0
Оянатын кез келді!!! Көздерің жетті, 20жыл жатқанда жағдайымыздың оңалмай, құрдымға кетіп бара жатқанын! Арам билікке сенім таусылды! Зиялы ағалар бастады! Бәріміз қолдауымыз керек! Міне ақын-жазушылар болып, Елді оятып оз тағдырымызды өз қолымызға алайық!!! Оян!!! Алға Қазақ!

Кімнен: Әдіге бауырымызға
27.03.2010 05:54
+0 / -0
Айналайын, алдыңнан жарылқасын, көп рахмет! Айнұр мен Нұрматтың айтысын тыңдап бір рахаттанып алдық. Басқа да жұптарды бере алсаңыздар керемет болар еді. Жалпы осы бағыттарыңнан таймаңдар. Өте әдемі де қажет іс
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
27.03.2010 21:31
+0 / -0
moderatorgha!
A degende Aibekting aitisin bergen siakti edingder ghoj, oni nege auystyrdyngdar?
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
28.03.2010 00:37
+0 / -0
Алып тастаған жоқпыз, ол үзінді «...Тіл кеспек жоқ» деп жырлаған ақындар айтысына ел өмірінің ащы шындығы арқау болды» деген алғашқы мақалада келтірілген еді.

Ол мақала мына жерде: http://www.azattyq.org/content/Kazakhstan_almaty_aitys_nauryz_/1994128.html

Айбектің айтысынан үзінді осы мақалада берілген болатын, алда әр ақындар жұбының айтыстарын толық жариялайтын боламыз. Рақмет.

Кімнен: қажы мұқамбет қаракедей Қайдан: иран.горган
27.03.2010 10:18
+0 / -0
Иранда жатып , Қазақстаннан алған айттығым осы айтысты есту десем артық болмаса керек . Ұлыстың ұлы күндерінде бұл құрып бара жатқан төл өнері жандағаны заңды құбылыс деп ырымдалық . Айтарым , бір елдің жүйелі болуының негізгі шарты оның құрылымдары бір - бірімен үйлесу ғой . Айтыс бұрыннан келе жатқан елге берілген теңдік болса мына кезеңнің баламасы баспасөз бостандығы екенін ескеру тиіс . Айтыста жұрттың шері тарқаса көңілдегі кірлер кетеді емес пе ? Сонда сұрапыл дауыл тұрмасы екібастан мәлім жәйт . Ал паспасөзге келсек онда тақырыптар егжей - тегжейлі талқыланып ортаға тартылады . Бұл жерде зердемен мәселер шешіледі де айтыстағыдай тартыс болмай жөнді тоқтам бола алады . Әйтпесе қызу үстінде қандай бүлік шығатыны неғайбіл .

Кімнен: Абдуллаһ
27.03.2010 11:19
+0 / -0
Айнұрды Жұмақтағы қыздарға теңестіріп куфрлік айтқан Нұрмат, кафирдің сөзін сөйледі.
Пікір алмасу

Кімнен: МЕН Қайдан: Құлсарыдан
27.03.2010 13:43
+0 / -0
Айтысты түсінбесең, артыңды қысып отырған жөн. Біреуге "күпірлік айттың" деудің өзі - барып тұрған күпірлік!

Кімнен: Тәкең Қайдан: Елден
27.03.2010 11:42
+0 / -0
Өмір шындығы деген осы! Жүрсін мырза қызметінен кетіп еді...билікке қарсы бір шараны бастады. Енді ол жақында қызмет алады! Бұл менің болжамым! Осы ел азаматтарына таң қаламын қарны тоқ қызметі барда анау адамдарды мақтайды. Қызметінен тоңқалаң асқанда басқаша сайрайды.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
29.03.2010 09:18
+0 / -0
sende bilikte otyrsan solai isteisyn!!!

Кімнен: Жұмабай Қайдан: Ақтау
27.03.2010 11:49
+0 / -0
Айтыскерлердің ішінде Халықтың мұңын жырлайтын Айбек, Айнұр,Нұрмат сияқты зор ақындар да бар, биліктің а... ж... сор ақындар да бар. "Көшербаев адайдың көзін ашты" деп жырлаған Мэлс сол сор ақындардың қатарына жатады.

Кімнен: Нұралин Қайдан: Алматы
27.03.2010 17:04
+0 / -0
Я,ағайын наурыз құтты болсын!!! Былтыр ораза айтта Мұхтар аға республика сарайында жинап, барлығымызды ораза айт пен (тіліміздің оразасыда бар) құттықтаған еді, енді міне Жүрсін ағамыз қарық қылды Алла осындай азаматтарға қуат берсін, әр дайым көк байрағымыз желбірей берсін.
Пікір алмасу

Кімнен: Ақан Қайдан: Семейден
28.03.2010 08:40
+0 / -0
Көк байрақ 20 жылдай желбіреп тұр, бірақ халыққа не жақсылық болды?
Байлығы сатылды, қазақ көпұлттыға айналып және жері шүршітке кетудің алдында қалды емеспе...? Ол ағаң айтысты қаржыландырғаны не керек, өзі шындықты түншықтырып, Бас ұрылардың құйрығын жалап отырса???? Әлде жәй жағынып отырсыңба?

Кімнен: Ілекен Қайдан: Қазақстан
27.03.2010 18:15
+0 / -0
Рахмет, саған Азаттық!
Қазақтың асыл өнері- айтысты сағынып қалып едік, өте жақсы болды!
Арсыз билік қанша тұншықтырса да, қазақтың айтысына тиым сала алмас! Иншалла! Қазақ халқының намысын оятып, көзін ашып, алдағы күрестерге жұмылдыра бер АЗАТТЫҚ!

Кімнен: ШОҒЫ Қайдан: Ақтөбе
27.03.2010 20:27
+0 / -0
Азаттық радиосына рахмет айта отырып осы айтыстағы қалған жұптарды да көп кешікпей тыңдасақ деймін.
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
27.03.2010 21:07
+0 / -0
Құрметті Шоғы, жақсы лебізіңізге рақмет. Азаттық радиосы сайтында және әуе толқынында Наурызда өткен айтысты толық беретін болады. Әзірге Айнұр мен Нұрматтың айтысын тыңдай тұрыңыздар. Басқа жұптармен де көп кешіктірмей "жүздестіретін" боламыз. Азаттықтың сайтынан көз жазып қалмаңыздар. Рақмет.

Кімнен: машинист Қайдан: Жанаозен
27.03.2010 21:32
+0 / -0
Рахмет азаттык радиосына жане Журсн агамызга, осындай билктн кыспагына конбей жане де елмздн озекти проблемаларын кызыл тлмен жеткзгенине

Кімнен: qazaq Қайдан: shetelden
28.03.2010 16:49
+0 / -0
Aitys boladi dep estushi edik, endi aytistin ozin tindap bir zhasap qals\diq qoy. Rahmet barinizge

Кімнен: tindaushi Қайдан: evroradan
28.03.2010 16:51
+0 / -0
Tamasha eken, basqa da аqindardi tezirek tindatsanigdar degen tilegimiz bar

Кімнен: Almat Қайдан: Almanyadan
28.03.2010 16:53
+0 / -0
Kazakstanga barip, aytista otirganday kuyde boldim, ming algis barinizizge

Кімнен: қазақ Қайдан: қызылағаштық
28.03.2010 16:56
+0 / -0
саналы ақыны бар, санасыз әкімі бар ел екенбіз ғой. Су астында қалған ауылым көз алдымнан кетпейді. Айнұр қызым өркенің өссін

Кімнен: Болат
28.03.2010 21:41
+0 / -0
айтыс жақсы өтті, халық көп жиналды. Тек айтыскерлердің Амангелді Ермигяевқа қайта-қайта алғыс айтып, рахмет жаудырғаны құлаққа түрпідей тиеді екен. Осы Амангелдінің СЕРТ атты құрылыс компаниясына кезінде миллиондап ақша салып, енді ақша да жоқ, үй де жоқ сорлап қалған бірнеше жүз үлескерді жаз бойы теледидардан көрсеткені есімізде. Мен ойға қалдым, жалпы бұл ақындар да құлқын мен қарынның қамынан аса алмай қалады. Шын ақын, шындықты шырылдатып айтатын болса тым құрмағанда біреуі сол Амангелдіден әлгі алған ақшаны халыққа неге қайтарып бермейсің деп сұрар еді ғой. Жоқ, бұлар олай деп сұрауға жарамады. Мүмкін, бұл айтысқа тігілген жүлде сол елдің ала алмай жүрген ақшасы болар? Бірақ ақындар оны сұрай алмады Ермигяевтан, рахметтерін жаудырып, қалтаға салып алды.
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі