Сенбі, 26 мамыр 2012, Алматы 05:49

МӘДЕНИЕТ

Ринат және Жандарбек ақындардың айтысы

Азаттық радиосы тыңдарманға «…Тіл кеспек жоқ!» деген атпен өткен наурыз айтыстағы Ринат Зайытов пен Жандарбек Бұлғақовтың сөз сайысын ұсынады. Бұл жұптың айтысында Шығыс Қазақстандағы су тасқыны және «Нұр Отан» партиясының іс-әрекеттері өлең-сөзге арқау болды.

Айтыскер ақындар Жандарбек Бұлғақов (сол жақта) пен Ринат Заитовтың (оң жақта) сөз сайысы. Алматы, 21 наурыз 2010 жыл.
x
Айтыскер ақындар Жандарбек Бұлғақов (сол жақта) пен Ринат Заитовтың (оң жақта) сөз сайысы. Алматы, 21 наурыз 2010 жыл.
Мәтін көлемі - +
Ринат пен Жандарбек ақындардың айтысын мына жерден тыңдаңыздар.

Бұл жұптың айтысының алдында әнші Ардақ Исатаева қазақтың халық әні «Ақбақайды» шырқады.

Әр айтысында биліктегілердің іс-қарекетін сын қырына алған Ринат Зайытов көрерменнің ықыласынан да кенде болған жоқ. Жандарбек Бұлғақовпен айтысында Ринат Зайытов оны «Нұр Отан» партиясының «адвокаты» деп қалжыңды жырмен қағыта келіп, осы партияның кейбір іс-әрекеттерін өлеңге қосты:

«Әрбір жерде билігін жүргізетін «Нұр Отан»,
Студенттерді зорлықпен құрамына партияның кіргізетін «Нұр Отан».

Айтыскер ақындар Жандарбек Бұлғақов (сол жақта) пен Ринат Заитовтың (оң жақта) сөз сайысы. Алматы, 21 наурыз 2010 жыл.
Жалбыратып жарнама ілгізетін «Нұр Отан»,
«Нұр Отан» деген бір ұран қазаққа орнап алған тек.
Елін тонаған Әлиев, қашып кеткен Храпунов соның құрамында болмап па ед.

Баяндап айтсам мән-жайды,
Көгершін жырым самғайды.

Айналайын, партияң армандай қашан жалғайды,
Тарбағатай деген ауданда бес ауылды су алып, көмек күтіп сарғайды.

Жаңағы сенің партияң сол жаққа неге бармайды?
Бес мөшек ұнды жіберіп, көмек бердік деп сарнайды.

Әне барам, міне барам деп, әйтеуір тағы алдайды,
Сол ауылда қиналған жұртшылықтың жартысы «Нұр Отанға» мүше емес пе?»
Айтыскер ақын Ринат Заитов. Алматы, 21 наурыз 2010 жыл.

Ринат Зайытов Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. 17 жасында қолына домбыра алып, айтысқа түскен Ринат республикалық айтыстарда бірнеше мәрте бас жүлдені жеңіп алған. Оның жұрт жадында жүрген елеулі айтыстарының бірі - Дінмұхаммед Қонаевтың 95 жылдығына арналған айтыстағы Балғынбек Имашевпен болған сөз сайысы.

Бұл жолы Ринат Зайытовтың «Нұр Отан» партиясын сынауын ел алдында бедел жинау деп уытты қалжыңмен қағытқан Жандарбек Бұлғақов «Датың болса президентке айт» деп қарсыласының алдын тосты:

«Ау, Ринат «Нұр Отанда» басың қалсын,
Оппозиция боп маған ашынғансың.
Өзің ше ел алдында ұпай жинап,
Бойыңа сын садағын асынғансың.

«Нұр Отанды» армансыз ғайбаттадың,
Байқаймын, ДВК-ға қосылғансың.
Ринат маған азу батырған-ай,
Суырдай тыныш отыр шақылдамай.

«Нұр Отанның» тізіп ап бар былығын,
Ел алдында басымды қатырған-ай.
Мына менің қолымда не бар дейсің,
«Нұр Отанға қосқанмен атымды оңай.

Бұл сахна ақынның мінбесі ғой,
Нұр-ағаңа жеткізер датыңды оңай.
Айтқыш болсаң патшаның өзіне айт,
Қаршадай балаға кеп, қақылдамай».

Айтақын Бұлғақовтың ұлы Жандарбек Бұлғақов 6-сыныпта оқып жүрген шағында айтысқа шығып, көпшіліктің көзіне түсе бастаған. 15 жасында тұңғыш рет респбуликалық айтысты жыр додасына түсті.

Жандарбек Бұлғақов әр қатысқан айтыстан жүлделі орындар иеленіп, жыры көрермен көңілінен шығып келеді. Соның бірі биылғы наурыз мейрамына күндері Алматыда өткен айтыстағы әкесі Айтақын Бұлғақовпен болған жыр сайысын мына жерден тыңдай аласыз.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Қас Жолымбет Қайдан: Астана
05.04.2010 15:23
+0 / -0
Бұл да бір керемет сөз сайысы болған екен. Әке көрген оқ жонар деген осы шығар, жас ақын Жандарбек баурымыздың шешендігіне тәнті болдым. Ал Ринат өте ойлы да тапқырлығымен танылған азамат. Рахмет, ақындарға.

Кімнен: Зәуре
05.04.2010 16:02
+0 / -0
Ойпырмай, мына Ринаттың жындысы-ай! Таппайтыны жоқ. Әйелі гинеколог па тегі? Бала да қалысар емес.

Жиырманың бесіне жетпей кесек кесек ой айтса, 40-қа келгенде ел басқаратын азaматтар осылар шығар. Талант пен талап таудан аса! Жас ақындарға тілегім, ізденіс нәтижесі шеберлік демекші, ізденістен жалықпай білімдерін тереңдете түссе. Жаңа дәуірдің ақындарын шыңға шығаратын терең білім. Cебебі тыңдаушыларыңыз 21 ғасырдың азаматтары, талабы да талғамы да жоғары.

Кімнен: Алматы Қайдан: Алматыдан
05.04.2010 16:23
+0 / -0
Шап, Жандарбек шап... Шаң қаптыр жүйрігім....

Кімнен: Аман
05.04.2010 16:59
+0 / -0
Енді негебасқа да ақындардың сөз сайысын сайтқа бермейсіздер? Айналып келіп Жандарбек, Ренат, Ақмаралды қоя бергенсіздер. Оларды тыңдап жалықтық қой.Батыс өңірден ешкім қатысқан жоқ па?
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор Қайдан: Модератор
05.04.2010 17:28
+0 / -0
Құрметті, Аман, сәл сабыр етіңіз, басқа ақындар да шығарылады сайтқа. Әр жұптың айтысын дайын болған ретіне қарай орналастырып жатырмыз, әдейілеп таңдап отырған жоқпыз. Рақмет.
Пікір алмасу

Кімнен: Батыстан Қайдан: Орал
05.04.2010 19:10
+0 / -0
Модератор, сіздің айтыстан түк хабарыңыз жоқ екені көрініп тұр. Балғымбек батыстың ақыны емес. біздің айтыскер Бауыржан Халиолла сынды мықты айтыскерлер. Сіз олай біздің намысымызды таптамаңыз. батыстың ақындарын білмей
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
05.04.2010 21:36
+0 / -0
Құрметті Батыс, айтысқа Атыраудан қатысқан Сағадат Нұрманов. Балғынбек деп қате жазылып кетіпті, айып етпеңіздер.
Пікір алмасу

Кімнен: Айтыс жанкүйері
05.04.2010 20:48
+0 / -0
Біз білетін Балғынбек Жетісудың түлегі емес пе еді?

Кімнен: abaq Қайдан: pekyin
05.04.2010 18:29
+0 / -0
керемет айтыс болған екен..ринат тіс қаққандығын істетіпті...жандарбектің әлі бір қайнауы ішінде екен... жолдаушыға көп рақымет..аспан асты елінің астанасында жүрсем де алматының үнін естіп разы боп қалдым..жаса «азаттық» жаса прага

Кімнен: Айболат Қайдан: Атырау
06.04.2010 10:06
+0 / -0
Бәрекелді Ринат!!!

Кімнен: Жанұзақ Әкім Қайдан: Алматы
06.04.2010 10:20
+0 / -0
Бауыржан Х-а деген әкімдердін “құйрығын жалап” жүрген алаяқты Батыстың ақыны деп айтпауынызды сұраймын. Батыстың ақыны Мэлс Қосымбаев, Қатимолла Бердіғалиев, марқұм Асылбек Ищанов, Жансая, т.б.-лар. Ал Бауыржан дегенді халық жек көреді. Теледидардан көрсете көрмесін. Құсқымыз келеді.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
06.04.2010 12:33
+0 / -0
Жанұзақ мырза! Бауыржан Қалиолла деген негізінен талантты ақын. Мінезі аздап тіктеу. Айтыстарда қатты айтқан кездері де болды. Қатекең енді жасы келді. Ол өз кезеңінде шаба білген жүйрік. Ал, Жансая әлі толық жетілмеген ақын деп білемін. Айтыстарда тактиканы қолдана білмейді. Мэлсте өз кезеңінде шаба білді. Оның да уақыты келгесін, айтысуды доғарды. Асылбек жақсы өсіп келе жатқан ақын еді. Ажал құшты. Жаке, батыстың ақындарының ішінен тек Оралдан шыққан ақындарды атап өтіпсіз. Батысқа тек Орал жатпайды. Атырау мен Маңғыстау, Ақтөбені қайда жібересіз? Мысла, маңғыстаулық Нұрлан Мұсаевта талантты ақын емес па? Атыраулық Саадат Нұрмановта жақсы жетіліп келе жатыр. Батыс Қазақстан облысы деген атты именденгесін, тек сол облыстың өзін батысқа жатқызуға болмайды.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: Манкыстау
07.04.2010 12:24
+0 / -0
Кошербаевтын мелс деген акынын айтпан. Менiн де журегiм айниды

Кімнен: Әсел Қайдан: Алматы
13.04.2010 21:35
+0 / -0
Жасай берсін, қазағымыздың рухын көтерген жыр дүлділдері! Тіл-көзден сақтасын! Әжемнің батасы: А, Құдайым, оңдай гөр!
Мұхаммедім, қолдай гөр!
Ұзын өріс берсін!
Кең пейіл берсін!
Астарыңызға адалдық берсін!
Бастарыңызға амандық берсін!
Пікір алмасу

Кімнен: Азамат
21.04.2010 15:31
+1 / -0
Құрметті жазғышбектер... Әсіресе Бауыржан Халиолла мен Мэлсті жамандағандар... Сасық ауыздарыңды жауып жүрмесеңдер сайттан тауып алып таңдайларыңды көмейлеріңмен қоса жұлып аламын. Табуға қауқарымда, жұлуға қайратым да жетеді. Күмәндансаңдар тағы қарсыласып көріңдер... Олар екеуі де от ауызды орақ тілді жырдың сүлейлері... Ең мықты ақындар...Әкімге жағыну емес, бағалай білсе басшыны да мадақ етуге болады. Бастықты жамандау мақсат екен деп ұғыну далбаса. Қазақтың айтысы кез бұрышта жылап жатқан ақындарды жан-жаққа бөле тартпаңдар. Тыныштарың кетсе сахнаға шығыңдар бұттарыңа жіберіп тынасыңдар... Айтыс отырып бөсетін қатын өсек емес... Тек қазақтың мүддесін көздеу керек...