Сенбі, 26 мамыр 2012, Алматы 05:49

МӘДЕНИЕТ

«...Тіл кеспек жоқ!» деп жырлаған ақындар айтысына ел өмірінің ащы шындығы арқау болды

Бір жарым жылдан бері көгілдір экраннан ақындар айтысын жоғалтып алған көрермен қауым жыр сайысына сусап-ақ қалған екен. Ақындар да қанаттанып, қоғамның кемшін тұстары мен өзекті мәселелерін суырып салма жырларына арқау еткенде көрермені қол соғып, тәнті болды.

Мәтін көлемі - +

БИЛІК ҚЫРЫНА АЛҒАН АЙТЫС

Алматыда наурыздың 21-22 күндері «...Тіл кеспек жоқ!» деген атпен республикалық ақындар айтысы өткені белгілі. Екі күнге ұласқан жыр додасына Қазақстанның түрлі аймақтардан жиырма айтыскер ақын қатысты.

Азаттық радиосы қазақстандық телеарналар мен радиолардан беріле қоймайтын осы ақындар айтысын таспаға толық жазып алуға тырысқан еді. Алдағы уақытта біздің сайтымыз бен радиомыздан сіздер ақындар айтысын тыңдай алатын боласыздар.

Айтыстың ұйымдастырушысы және жүргізушісі Жүрсін Ерманның айтуынша, 2009 жылдың 12 қаңтарында Қазақстанның мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жазбаша нұсқауын көрсетіп, айтыстың сапасының төмендеп кетуіне байланысты айтыстың бұқаралық ақпарат құралдарынан таратылуына мораторий жарияланғанын жеткізген.

Осылайша бір жарым жылдан бері айтыстан көз жазып, құлақтарының құрышын қандыра алмай қалған жанкүйерлер екі күн бойына Алматыдағы студенттер сарайына лық толып, өткір тілмен өрнектелген ұтымды жыр шумақтарын тыңдап, ақындарға кошемет пен қолдау көрсетті.

«НҰР-АҒАҢ ТАҚТАН КЕТКЕН КҮНІ МЕН АЙТЫСТАН КЕТЕМІН»

Наурыз мерекесіне орайластырылып наурыздың 21-22 күндері Алматыдағы студенттер сарайында өткен айтысты тамашалауға жүздеген адам жиналды. Айтысқа Қазақстанның кейбір облыстарынан, Астана және Алматы қалаларынан барлығы 20 айтыскер қатысты.

Айтыстың беташарында Жүрсін Ерман «Айтыспен қоштасу» деген өлеңін оқып, көрермендер алдында сөйлеген сөзінде бір жылдан аса уақыттан бері билік айтыстың бұқаралық ақпарат құралдарынан таралуына шектеу қойып отырғанын атап өтті.

Айтыстың бірінші күні жиырма ақын он жұп болып айтысты. Ә дегенде астаналық ақын Айнұр Тұрсынбаева мен Қызылордадан келген айтыскер Нұрмат Мансұров айтысты. Одан кейін жұп-жұбымен сахнаға көтерілген айтыскерлердің әрқайсысы сөз сайысы барысында Қазақстан қоғамындағы ұлттық-саяси мәселелерден бастап, үкіметтің мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көтереміз деген уәдесіне дейінгі өзекті тақырыптардың барлығын қамти жырлады.

Атап айтқанда, Нұрмат Мансұров Айнұр Тұрсынбаеваның 8 наурыз - халықаралық әйелдер күні президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында болғанын айта келіп, «қабылдауда президентке Жаңаөзендегі жұмысшылар наразылығын, Шаңырақ мәселесін, Шығыс Қазақстан облысындағы су тасқыны жайлы президентке дат айттың ба?» деп қарсыласына сұрақ қоя келіп, «Ақордаға тілек айтамын демесең, пікір айтатын адамды кіргізбейді» деп жырлады.

Сонымен қатар, айтыс барысында Қызылағаштағы болған су тасқыны, «Ел бірлігі» доктринасына байланысты қоғамдағы дау, қазақ хандарының ескерткіштері төңірегіндегі мәселе, Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалығы, президент Нұрсұлтан Назарбаев пен оның бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиев туралы да өткір сын, әзіл-әжуа айтыскерлердің тілімен жырланды.

Айтыстың бас жүлдесін алған Айбек Қалиевті Жүрсін Ерман бұрынғы айтыстарда билікке қаратып айтқан сынға толы жырлары айтыстың Қазақстандағы бұқаралық аққпарат құралдарынан таратылмауына белгілі бір деңгейде әсерін тигізген деп бірнеше рет атап өтті. Осы сөзді негізге ала отырып, Айбек Қалиев өзіне қарсылас болып шыққан Балғынбек Имашевтың «Айбек-ау, айтыста қашанға дейін жүре бересің?» сауалына айтқан жауабында «Нұр-ағаң тақтан кеткен күні мен де айтыстан кетемін» деп жырлады.

БАС ЖҮЛДЕНІ АЙБЕК ҚАЛИЕВ ИЕЛЕНДІ

22 наурыздағы айтыстың екінші күні ақтық сайысқа төрт ақын шықты. Әуелі Ринат Зайытов пен Сара Тоқтамысова одан кейін Жандарбек Бұлғақов пен Айбек Қалиев айтысты. Соңында әділқазылар алқасы тарапынан алған жиынтық бағасы бойынша Айбек пен Сара финалға шықты.

Алайда, екі ақынды жүргізуші сахнаға шақырған сәтте-ақ, зал толы көрермен екеуін айтыстырмай, бас жүлде Айбек Қалиевке берілсін деп шулап қоя берді. Ақыры сахнаға әділқазылар алқасының төрағасы ғалым Тұрсынбек Кәкішев ортаға шығып, Айбек Қалиевтің бас жүлдеге лайық екенін жария етті. Бұл шешімге көрерменде ризашылығын білдірді.

Сонымен, қымбатты Азаттық радиосының тыңдарманы мен оқырмандары, биылғы наурыздағы ақындар айтысының кейбір үзінділерін осы арадан тыңдай аласыздар.

Ал алдағы күндері әр жұптың айтсын жеке-жеке топтап, сіздердің назарларыңызға ұсынып отыратын боламыз. Айтысты Азатық радиосының сайтынан және радиодан да тыңдай аласыздар.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Айдар Қайдан: Cарай
26.03.2010 17:42
+0 / -0
Айтыста айтылды: "Нұрекеңе үш жүздің басын қосқаннан гөрі, үш қыздың басын қосу қиын болды" деп

Кімнен: Қойшы Қайдан: сары дала
26.03.2010 17:52
+0 / -0
Құрметті елбасымыз өз қолымен тілдеріңізді кесіп еді, мені тім мақтап кеттіңдер деп, енді үзілген тілдеріңізді жалғап алыпсыздар. Тілдеріңіздің қашанға дейін шыдайтынына және қаншалық нәрселерді айта алатынына қарайық!

Кімнен: Uaq Қайдан: Semei
26.03.2010 18:24
+0 / -0
Singaiina qaraghanda,UltanQultangha qarsi zhappai,bukilqazaqtiq ashiq naraziliq bastalipti,endi barliq zherde,barliq zhaghdaida quatti soz koterilisi zhalghasa berui kerek,QulSultandar biligi qulaghansha...

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
26.03.2010 18:49
+0 / -0
Айтысқа өзім бара алған жоқпын. Барушылардан естуімше керемет жақсы өтіпті. Ақындар айтудай-ақ айтқан екен, көпшілік солай деп шуласып жүр. Жүрсіннің бұл жолғы ұйымдастыруы жүрегінің түгі қалың нағыз батыр екеннін көрсетті. Айбек, Ринат, Балғынбек сынды жігіттер бүгінгі күннің Бұқар жырауы екендіктерін дәлелдеп келе жатқан - шын халықшыл ақындар екеніне осы жолы тағы да көзіміз жете түсті.
Азаттықтағы азаматтарға да шексіз РАХМЕТ!
Әрдайым осындай биіктен көріне беріңіздер!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
26.03.2010 20:42
+0 / -0
Кейбір ақындардың қорыққаннан "құрметті", "алтын тонның жағасы" -деген сияқты НӘН-ге теңеулер айтқандарға таңым бар. Оданда, қорықса НӘН туралы айтпай-ақ қоя салмайды ма!?

"Халық айтса, қалт айтпайды"-дейді ғой, негізі Айбек-ақын қазақтың маңдайына біткен НАҒЫЗ АЗАМАТЫ.
Оның қазақтың БОЛАШАҚТАҒЫ БҰҚАР ЖЫРАУЫ болатынына сенімім, үмітім мол.

Кімнен: Ерсін Қайдан: Қазақия
26.03.2010 18:49
+0 / -0
Айтысты көре алмадық, келер шақта көре алуымыз да екі талай. Азаттық радиосына мың да бір алғыс! Сіздерге Аллаһ ұзақ ғұмыр берсін!

Кімнен: MusulmN Қайдан: China
26.03.2010 19:54
+0 / -0
Bul aitystyn video turin zharialau kerek,sebebi,Kitaidagi Kazaktarga osi turi tez taraidi,sholdegen edik,Rahmet,Allah,Rahmet,Jursin,Rahmet,Azattyq~

Кімнен: Student Қайдан: Germany
26.03.2010 20:22
+0 / -0
Kurmetti Omirzhan Aga jane okirmandar, shetelde boluima bailanisti, aitiska bara almadim, birak aitis onerin ote sagindim... sizderden otinishim, koldarinizdagi bar materialdardi (aitis videosin) youtube'ke koya alasizdar ma?! Allah sizden Razi bolsin!

Кімнен: Nurborat Қайдан: Qulstan
26.03.2010 20:34
+0 / -0
Mashinani alghash korgen qazaqtar atpen zhabila quip,azdan song Arti qizardi endi ustaimiz depti,Nurqultanning arti qizarghansha attaring zorighip oler,tim qursa mataseklge minu kerek

Кімнен: Жандауыс Қайдан: Алматы
27.03.2010 09:27
+0 / -0
"Азаттықтың" азаматтарына тағзым. "Жүрек" күңірінеді, "көзден" жас ағады, айтысты тыңдап отырып шерімді бір тарқаттым. Мың алғыс!!!! "Халықың және АЛЛА" қолдасын. Біз әрқашан сіздермен біргеміз.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
27.03.2010 09:57
+0 / -0
Біздің ақындарға не болды? Біреудің қол шоқпары сияқты. 20 жыл мақтады енді айтатындары мынау.Адамда өз ойы болу керек қой. Егерде осылай халықты алдауымызды қоймасақ, ертеңгі жастарымыз екі жүзді болып өспейме. Бізді қойшы, біз болған-қорқақ адамдармыз.
Пікір алмасу

Кімнен: Зәуре
27.03.2010 15:54
+0 / -0
Құрметті Азаттық! Көз жазып қалып едік, айтысты тыңдауға мүмкіндік бергендеріңізге мың алғыс. Бұл бір тамаша бастама болды.
Студент бала жазған екен жоғарыда, мүмкіндік болса, айтысты толығымен берсеңіздер жақсы болар еді.
Халыққа қызмет ететін адам Жүрсін ағадай қызмет етсін. Кеңес одағынан шалажансар қалған айтысты тірілтіп алып еді, енді айтысты мәңгүртттерден қорғап әлек. Осыншама кедергі болмағанда қаншама айтыс ұйымдастырылып, қаншама жас таланттар халыққа танымал болар еді. Зайыров мырза құтты кеңес өкіметінде өмір сүріп отырған адам сияқты сөйлейді. Сапасы төмендеп кетті деп үкім шығарып тастайды. Айтыстың бағасын халық береді. Халық зәру болып отырса сапасының жаман болмағаны да. Қазақтан артық сөзді бағалайтын халық жоқ шығар. Халықаралық деңгейге шығару керек дегенді қалай түсінуге болады? Америкалықтармен айтысқалы отырсыз ба? Айтпағыңыз шетелде тұратын қазақтар болса, тілі мен мәдениетінен айрылып бара жатқан шетелде тұратын қазақтарға осы айтыстың өзі қаншалықты екенін білесіз бе? Халықаралық деңгейге шықты деген сол, Парижге де апарды емес пе? Айтыс-килелі дәстүріміз. Тіл кеспек жоқ деген тәуелсіз табиғатымыз, рухымыз. Деңгейін көтеру үшін айтысты қудаламай, дамуына мүмкіндік беру керек. Өз ісін білетін Жүрсін аға сияқты азаматтарға жол беру керек. Төл дүниені құртуға дайын номенклатура сарқыншақтары айтыстың жолын бөгесе, әр қазақ шамасы келгенше араша түсу керек. Айтыс бзіге керек, болашағымызға керек.
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор Қайдан: Модератор
27.03.2010 17:17
+0 / -0
Құрметті Зәуре, жақсы лебізіңізге рақмет. Азаттық радиосы сайтында және әуе толқынында Наурызда өткен айтысты толық беретін болады.Әзірге Айнұр мен Нұрматтың айтысын шығарып қойдық. Басқа жұптармен де көп кешіктірмей "жүздестіретін" боламыз. Азаттықтың сайтынын көз жазып қалмаңыздар. Рақмет.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
08.04.2010 17:10
+0 / -0
Айтыс - қазықтың жаны. Бас жүлденің Айбекке берілгені әділдік! Ол тек Торғайдың ғана мұңын жырламайды, барлық қазақтың мұңын жырлар "АСАН ҚАЙҒЫСЫ"

Кімнен: максат Қайдан: атырау
09.04.2010 03:24
+0 / -0
биз жануяамызбен акындар айтысын жаксы коремиз енди калай коремиз жауабын кутемиз???????????????????

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: Астана
12.04.2010 10:29
+0 / -0
АЗАТТЫҚ РАДИОСЫ сіздерге көп рахмет. сіздерге өтініш, алдағы уақытта Айбек Қалиевтің Балғынбек және Жандарбек ақындармен болған айтыстарын да шығарсаңыздар?